Докторантура

PhD докторантурасы дегеніміз не?

Әлемдік білім беру нарығында ғылыми-педагогикалық кадрлардың, ғалымдардың және мамандардың  бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, докторантурада ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау жоғары және оқу орындарында және ғылыми ұйымдарында ғылым және мамандықтар салалары бойынша жүзеге асырылады.

PhD докторантурасы ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау үдерісін жетілдіруді Болон процесі қағидаларына және халықаралық талаптарға сәйкес қамтамасыз етіледі.

PhD докторантурасында оқу түрлері қандай?

«ҚДСЖМ» ҚМУ-да PhD докторантурасында «Философия докторы» ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша және «Қоғамдық денсаулық сақтау докторы» бейінді бағыты бойынша оқыту күндіз жүргізіледі. Оқу мерзімі 3 жылды құрайды.

PhD докторантурасына қабылданған кезде қойылатын талаптар қандай?

«ҚДСЖМ» ҚМУ  докторантурасына «магистр» академиялықдәрежесі бар немесе резидентурада оқуды аяқтаған Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ азаматтар қабылданады.

Егер осы деңгейдегі білімді алғашқы рет алып тұрса, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға конкурстық негізде мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес тегін білім алауына болады. Шетелдіктерге тегін ЖОО кейінгі мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес оқуға құқық қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға сәйкес бегіленеді.

PhD докторантурасына қабылдау қашан жүзеге асырылады?

Жыл сайын PhD  докторантурасына тапсыратындардан өтініштерді қабылдау шілденің 10-нан 30-на дейін қабылданады, қабылдау емтихандары тамыздың 10-нан 30-на дейін жүргізіледі.

PhD докторантурасына түскен кезде қандай құжаттар қажет?

1) ұйым басшысының атына өтініш;

2) болжамдалған отандық және шетелдік ғылыми кеңесшімен келісілген жоспарланған дисертациялық зерттеуді дәлелдеу;

3) жеке куәліктің көшірмесін;

4) білімі туралы құжаттың көшірмесін;

5) осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар  бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесін (бар болса);

6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болса);

7) 3×4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;

8) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

9) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын басқа құжатты (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

10) тезтікпені (қағаз);

11) құжаттар тізбесін тапсырады.

12) барлық құжаттар нотариалды расталуы тиіс.

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

PhD докторантурасына түскен кезде қандай емтихандарды тапсыру қажет?

Докторантураға түсетін шетелдіктерді есептемегенде, Қазақстан Республикасының азаматтары және азаматтығы жоқ азаматтар келесі емтихандарды тапсырады:

1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс; араб тілін білу талап етілетін мамандықтарға түсуші тұлғалар үшін араб тілі бойынша);

2) мамандық бойынша тапсырады.

Мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша қабылдау емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен өңделген технологиялар бойынша жүргізіледі.

Шетелдік азаматтарға түсу емтихандарын тапсырғанда ерекше талаптар қойылады ма?

Докторантураға түсетін шетелдік азаматтар келесі емтихандарды тапсырады:

1) мемлекеттік немесе орыс тілі бойынша;

2) мамандық бойынша тапсырады.

Докторантураға қай кезде қабылдау жүргізіледі?

PhD докторанттарының қатарына енгізу қабылдау комиссиясымен тамыздың 20-нан 31-не дейін жүргізіледі. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға 100-балдық баға шкаласы бойынша кем дегенде 150 бал алған тұлғалар қабылданады.

PhD докторанттарға ғылыми басқаруды келесілер жүзеге асырады:

  • ҚДСЖМ» ҚМУ-дан бір ғылыми басқарушы;
  • серіктес елден бір шетелдік кеңесші.
  • Университеттің ғылыми басқарушысына қойылатын талаптар:
    Университетті штаттағы қызметкері болуы тиіс.
    ғылым докторының немесе кандидатының ғылыми дәрежесі болуы тиіс
  • Шетелдік кеңесшілерге қойылатын талаптар:
    Тиісті мамандықтар бойынша философия докторының (PhD) немесе бейіні бойынша доктордың ғылыми дәрежесі болуы тиіс;
    Докторанттардың PhD диссертациялары бойынша ғылыми басқарушының тәжірибесі болуы тиіс;
    Жоғары импакт-факторы бар рейтингтік халықаралық журналдарда докторантура бағытының бейіні бойынша кем дегенде 5 жарияланым болуы тиіс;
  • Халықаралық аккредитеуден өткен, заманауи материалдық-техникалық базасы және халықаралық ақпараттық желілерге, кітапханалық қорларға қатынауы бар жетекші шетелдік оқу немесе ғылыми мекемеден болуы керек.

PhD докторантурасында оқу қандай қосымша мүмкіндіктер береді?

PhD докторантурасында оқу тек терең білім беріп тиісті ғылым саласында философия докторының ғылыми дәрежесін беріп қоймай, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қосымша гранттар алуға және жетекші шетелдік ЖОО-да біліктілікті арттыруға мүмкіндік береді.

Құжаттарды қабылдау Алматы қ., Өтепов к-сі, 19а, 4-қабат, 206-кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.

Тестілеуге төлеу үшін банк деректемелері:

Тестілеу үшін төлем 4200 теңгені құрайды (ҚҚС есебімен) және Казпошта немесе «Қазақстан Халық банкі» АҚ бөлімшесінде жүзеге асырылады.

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМКК

010011 Астана қ., Победа даңғ., 60

БСН 000140001853

ЖСК KZ536010111000001515

БСК HSBKKZKX КБЕ 16