Басшылар

Ардақ Мұханбетжанқызы Ауезова

«Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Қазақстандық медицина университетінің ректоры.
Ардақ Мұханбетжанқызы  Ауезова – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін  (ҚазҰМУ) «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіріп,  хирург дәрігер біліктілігін алған. Өзінің еңбек жолын тамыр патологиясы бөлімшесінің офтальмолог дәрігері, одан кейін Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері болып бастады. 2014 жылы «Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлерінің конституциялық құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдірудің ғылыми негіздемесі» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап, PhD докторантурасын (С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ) тәмамдайды.  Алған білімі Көз аурулары ҒЗИ ғылыми және инновациялық қызметі менеджменті бөлімінің ғылыми қызметкері, медициналық қызметті ұйымдастыру бойынша директордың орынбасары, кейіннен «KERUEN-Medicus» ЖШС директоры, «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Қазақстандық  медицина университеті ректорының кеңесшісі лауазымдарында  менеджер мамандығын дамытуға септігін тигізді.
Ардақ Мұханбетжанқызы   Ауезованың халықаралық және қазақстандық басылымдарда 11-ден астам ғылыми мақалалары  жарық көрді. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Біліктілікті арттыру курстары:

2013 ж. – Алматы дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институты
2013 ж. – Менеджмент, денсаулық сақтау экономикасы және басқару, клиникалық практикаға тиісті офтальмологиялық емдеудің жаңа технологиялары  мәселелері бойынша Көз аурулары ҒЗИ
2014 ж. –  Сингапурда Parkway College тағылымдама
2015 ж. – Испанияда Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша (BLS,ACLS) Американдық қауымдастықтың семинарларында оқудан өтті

Ардақ Мұханбетжанқызы Ауезова  6D110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша философия (PhD) докторы, офтальмология мамандығы бойынша дәрігер-хирург. 2016 жылдан бастап НҰР-ОТАН партиясының мүшесі болып табылады. 2019 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі»  Қазақстан медицина университетінің ректоры лауазымына тағайындалды.

Алмагүл Амангелдіқызы Кауышева

Білім беру және ғылыми қызмет жөніндегі проректор

Ғылыми дәрежесі:
медицина ғылымдарының кандидаты

Білімі:
Ақмола мемлекеттік медицина академиясы (АММА), мамандығы:
«Емдеу ісі» (1999 ж.)
Клиникалық ординатура, Астана қ. ММА №2 «Ішкі аурулар» кафедрасы,
«Ішкі аурулар» мамандығы, терапия (1999-2001жж.).
Аспирантура, Қазақ мемлекеттік медицина академиясы (ҚазММА), Астана қ.
(2003-2006 жж.)
«Медицина және білім берудегі инновациялық технологиялар» атты тағылымдамадан өткен, Университет New Mexico, Альбукерке қ., АҚШ (2009 ж).

Еңбек өтілі:
– Қазақстан медициналық ұйымдар альянсы, Басқарма төрағасының орынбасары (2018 ж. – қазіргі уақытқа дейін)
– Денсаулық сақтау ұлттық палатасы, Басқарма төрайымының м.а., Басқарма төрағасының орынбасары (2016-2018 жж.)
– Денсаулық сақтау ұлттық палатасы, Комитет төрағасының медициналық білім беру, денсаулық сақтау кадрлары және ғылым жөніндегі орынбасары (2014-2016 жж.)
– Қазақстан медициналық білім және ғылым қауымдастығы, бас директордың орынбасары (2013-2014 жж.)
– ҚР ДСМ Медициналық білім және ғылым инновациялық технологиялар республикалық орталығы, директордың орынбасары (2009-2013жж.)
– ҚР ДСМ Медициналық білім және ғылым инновациялық технологиялар республикалық орталығы, Білім бөлімінің басшысы (2009-2013 жж.)
– «Астана Медицина университеті» АҚ, кафедра доценті (2006-2009 жж.)
Кәсіби бірлестіктердегі мүшелігі:
– 2019 ж. – ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Байқау кеңесінің мүшесі;
– 2018-2019 жж. – ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Аккредиттеу орталығының сыртқы кешендік бағалау сарапшысы;
– 2017-2019 жж. – ҚР ДСМ Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі бірлескен комиссиясының медициналық қызметтер сапасын аккредиттеу және басқару комитетінің мүшесі;
– 2016–2019 жж. – Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз агенттіктің медициналық білім беру жөніндегі эксперттік кеңесі комитеті төрағасының орынбасары;
– 2018 ж. – «Денсаулық сақтау саласындағы сыртқы кешенді бағалау бойынша сарапшылар мен консультанттардың» қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

Наградалары:
– «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі (2018 ж.);
– «Кәсіби еңбегі үшін» Ұлттық денсаулық сақтау палатасының медалі
(2017 ж.);
– ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі атынан Алғыс хат (2015 ж.);
– «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы және Денсаулық сақтау Ұлттық палатасынан Құрмет грамота;
– ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының «ғылым және инновациялар саласындағы үздік сарапшы» дипломы (2019 ж);
– ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығынан Алғыс хат (2019ж);
– Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Реконструкция және Даму Халықаралық Банкінің атынан Кәсіби стандарттардың үздік әзірлеушісі сертификатымен марапатталған (2018 ж.).

Елена Леонидовна Степкина

Даму жөніндегі проректор
Ғылыми дәрежесі: Фармацевтика ғылымдарының кандидаты

Білімі:
– Алматы мемлекеттік медицина институты (АММИ), «Фармация» мамандығы (1992ж., диплом үздік).
– ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі, Алматы қ. (2013ж.) 864 оқу сағ. көлемінде «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қайта даярлау
Еңбек өтілі:
– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптаудың ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК, «Тиісті фармацевтикалық практикалар мен халықаралық стандарттарды дамыту» Басқармасының бастығы (2015-2019жж.).
– «ҚДСЖМ» ШЖҚ РМК (2009-2015жж.), «Денсаулық сақтау және фармациядағы менеджмент» кафедрасының меңгерушісі.
– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау саласын дамыту институты (2007-2008жж.), «Медициналық технологияларды бағалау жүйесін дамыту» бөлімінің басшысы.
– Алматы мемлекеттік дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институты (1992-2007жж.), «Фармация нарығын басқару» кафедрасының оқу бөлімінің меңгерушісі.
Басқа да қызметтері:
– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық Формулярлық комиссиясының мүшесі (2010-2011жж.).
– Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау кадрлық ресурстарының Ұлттық Обсерваториясының институционалды тұрақтылықты нығайту және техникалық қолдау бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобының мүшесі (2014-2015жж.).
– Қазақстан Республикасы ЖОО-ын тәуелсіз аккредиттеу сарапшысы (институционалды, мамандандырылған), (2014ж., 2020ж.).
– С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (6М110400 «Фармация» мамандығы бойынша магистратура) Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшесі (2015-2016 жж.).
– С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (5В110300 «Фармация» және 5В074800 «Фармациялық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша бакалавриат) Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрайымы (2017-2018 жж.).
– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің фармацевтикалық инспекторатының Фармацевтикалық инспекция ынтымақтастығының Халықаралық жүйесіне кіру (PIC/S) мәселелерін қарау бойынша Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің жұмыс тобының мүшесі (2017-2018жж.)
–ЕАЭК мүше-мемлекеттерінің фармацевтикалық инспектораты бойынша ЕАЭК жұмыс тобының мүшесі.
–CoRSUM (Дәрілік заттарды Тиімді және Қауіпсіз Пайдалану Коалициясы) Директорлары кеңесінің мүшесі.
Жарияланымдары, ғылыми еңбектері:
– Барлығы отандық және шетел басылымдарында 120-дан аса жұмыстары жарық көрді (оның ішінде импакт-фактормен).
– Практикалық қызметке енгізілді: төрт әдістемелік ұсыныстары, екі оқу-әдістемелік оқу құралы және үш оқу құралы.
– 11 зияткерлік меншік құқықтарының авторы және бірлескен авторы.
Наградалары:
– «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі (2012ж.).
– Грамоталар.