2026 жылғы 20 қарашада «TQCSI (Kazakhstan)» халықаралық сертификаттау органы «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында бірінші жылғы инспекциялық аудит өткізді.

Аудитті халықаралық сертификаттау органының тәуелсіз аудиторлары жүргізді: аудит тобының жетекшісі — Турдалиева Г.Р., аудитор — Оналбаева В.Н.

Тексеру барысында сарапшылар университеттің сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істеуі мен оны жетілдірудің нәтижелілігін бағалады. Сапа саласындағы саясатты іске асыруға, нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуге және негізгі процестерді жақсартуға ерекше назар аударылды. Ұсынылған деректер университеттің осы бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп отырғанын растады.

Аудит қорытындысы бойынша сапа менеджменті жүйесінің табысты жұмыс істейтіні және ұдайы жақсарту қағидаттарына сәйкес дамып келе жатқаны расталды. Сәйкессіздіктер анықталған жоқ. Сарапшылар СМЖ дамуының жоғары деңгейін, қызметкерлердің кәсібилігі мен жұмысқа жұмылуын, сапаны қамтамасыз етуге белсенді қатысуын, сондай-ақ университеттің үздіксіз дамуға ұмтылысын атап өтті.

Инспекциялық аудиттен сәтті өту «ҚДСЖМ» ҚМУ-дың білім беру сапасын арттыруға және басқаруды жетілдіруге бейілділігін растайды. Бұл білім алушылар мен серіктестердің сенімін нығайтуға, сондай-ақ университеттің ұлттық және халықаралық деңгейдегі орнын күшейтуге ықпал етеді.

Share