



Қазақстандық медицина университеті «ҚДСЖМ» қабырғасында медицина ғылымдарының докторы, профессор Гүлсім Қылышпекқызы Асқарованың 70 жас мерейтойына арналған салтанатты құттықтау рәсімі өтті.
Университет басшылығы мен әріптестері Гүлсім Қылышпекқызын мерейлі жасымен құттықтап, медицина ғылымы мен білімінің дамуына, сондай-ақ білікті мамандар даярлауға қосқан көпжылдық зор үлесі үшін құрмет пен алғыстарын білдірді.
Салтанатты шараның ерекше сәттерінің бірі – Гүлсім Қылышпекқызы Асқароваға ҚМУ «ҚДСЖМ»-нің «Құрметті профессоры» атағының берілуі болды. Оған арнайы диплом мен медаль табысталып, кәсіби және ғылыми-педагогикалық еңбегіне деген құрметтің белгісі ретінде гүл шоқтары ұсынылды.
Профессор Г. Қ. Асқарова көптеген жылдар бойы отандық дерматовенерологияның, медицина ғылымы мен білімінің дамуына және жаңа буын мамандарын даярлауға елеулі үлес қосып келеді.
ҚМУ «ҚДСЖМ» ұжымы Гүлсім Қылышпекқызын 70 жас мерейтойымен және «Құрметті профессор» атағының берілуімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, отбасылық амандық, сарқылмас күш-қуат және жаңа кәсіби жетістіктер тілейді!
