Қазақстандық медициналық университет «ҚДСЖМ» резиденттер арасында Есенжанов Мүсреп атындағы атаулы стипендияны тағайындауға конкурс жариялайды.
Конкурсқа резидентураның 2 және 3 курсында ақылы негізде білім алып жатқан резиденттер, барлық резидентура мамандықтары қатыса алады.
Іріктеу барысында ескерілетін көрсеткіштер:
- академиялық үлгерім;
- клиникалық даярлық деңгейі және кәсіби дағдылар;
- ғылыми және кәсіби белсенділік;
- Университеттің қоғамдық өміріне қатысу;
- мотивация және кәсіби жетістіктер.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- ректордың атына жазылған өтініш;
- транскрипт немесе үлгерімі туралы ресми анықтама;
- CV;
- расталған жетістіктер портфолиосы;
- қазақ немесе орыс тілінде 750 сөзге дейінгі мотивациялық эссе;
- дербес деректерді өңдеуге келісім.
МАҢЫЗДЫ!
Барлық құжаттарды басып шығарып, папка-скоросшивательге жинақтап, Резидентура департаментіне тапсыру қажет.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 30 қазан, сағат 18:00-ге дейін
Құжаттарды тапсыру орны: Резидентура департаменті
Байланыс телефоны: +7 777 747 3323
Конкурсқа қатысып, Есенжанов Мүсреп атындағы атаулы стипендия иегері атануға мүмкіндік алыңыз!
