
«Медицина» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Кәрімбердиева Балжан Рәсілханқызы AI-Sana бағдарламасының II кезеңін сәтті аяқтады.
AI-Sana – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырып жатқан ауқымды мемлекеттік инновациялық бағдарлама. Бағдарлама жасанды интеллект саласындағы кадрларды даярлауға, технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға және ұлттық AI-экожүйені қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарламаның екінші кезеңі жасанды интеллект, машиналық оқыту, бағдарламалау және технологиялық кәсіпкерлік бағыттарын тереңдетіп оқытуға арналған. Қатысушылар жетекші отандық және халықаралық сарапшылардың жетекшілігімен AI-шешімдерді әзірлеу, нақты кейстермен жұмыс істеу, инновациялық жобалар мен бизнес-модельдерді дайындау бойынша практикалық дағдыларды меңгереді.
Екінші кезеңді сәтті аяқтау Кәрімбердиева Балжан Рәсілханқызының заманауи цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және инновациялық қызмет саласындағы жоғары дайындық деңгейін, сондай-ақ алған білімін ғылыми зерттеулер мен кәсіби қызметте қолдануға дайын екенін көрсетеді.
Балжан Рәсілханқызын кезекті жетістігімен құттықтай отырып, ғылыми қызметте, инновациялық жобаларды іске асыруда және кәсіби дамуда толағай табыстар тілейміз!
