
«Медицина» білім беру бағдарламасының докторанты Иманғали Әния Сейсенбайқызы «ANaMed Forum — New Generation» халықаралық форумы аясында ұйымдастырылған хакатонға қатысты. Форум қорытындысы бойынша Иманғали Әния Сейсенбайқызына Корея Республикасының Сеул қаласындағы Hyundae Hospital ауруханасының 2000 АҚШ доллары көлеміндегі шәкіртақысы тағайындалды. Иманғали Әния Сейсенбайқызын лайықты марапатымен құттықтай отырып, ғылыми қызметі мен медицина саласын дамыту жолындағы еңбегіне толағай табыс тілейміз.
