







«ҚДСЖМ» ҚМУ өкілдері Аустрия Республикасының Еуропа және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрі Беате Майнль-Райзингер мен Аустрия Республикасының федералдық ішкі істер министрі Герхард Карнердің ресми сапары аясында Астана қаласында өткен бизнес-форумға қатысты.
Форум аясында IMC Hochschule für Angewandte Wissenschaft Krems GmbH, SANLAS Holding GmbH және Siemens Healthcare Diagnostics GmbH аустриялық ұйымдарының өкілдерімен B2B-кездесулер өткізілді.
Кездесулер барысында тараптар білім беру, ғылым және практикалық денсаулық сақтау салаларындағы болашақ ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын, оның ішінде академиялық ұтқырлықты дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын, ғылыми жобаларды жүзеге асыру және Қазақстан мен Аустрия ұйымдары арасындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
Іс-шараға қатысу «ҚДСЖМ» ҚМУ халықаралық әріптестігін нығайтудағы және денсаулық сақтау мен жоғары білім беру саласындағы жетекші аустриялық ұйымдармен өзара іс-қимылды кеңейтудегі маңызды қадам болды.
