





Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің “ҚДСЖМ” 2-курс резиденті Шыңғыс Қаймоллаев 2026 жылғы 1–7 ақпан аралығында Австрияның Зальцбург қаласында өткен Salzburg Weill Cornell Seminar in Otolaryngology халықаралық білім беру семинарына қатысты.
Аталған бағдарлама Weill Cornell Medicine ұйымының бастамасымен, Open Medical Institute және Зальцбург қаласының Жалпы ауруханасымен бірлесіп ұйымдастырылды. Семинарға әлемнің әртүрлі елдерінен келген мамандар қатысты.
Ғылыми бағдарлама аясында Шыңғыс Қаймоллаев
«Созылмалы одонтогенді синуситті хирургиялық емдеу»
(Surgical Treatment of Chronic Odontogenic Sinusitis)
тақырыбында баяндама жасады.
Кафедра меңгерушісі – профессор, м.ғ.д. Буркитбаева Т.Н.
Клиникалық тәлімгері – Обвинцев А.В.
Семинар қорытындысы бойынша резидент білім беру бағдарламасын сәтті аяқтап, кәсіби даярлығының жоғары деңгейін және ғылыми белсенділігін растайтын халықаралық сертификатқа ие болды.
Аталған іс-шараға қатысу ВШОЗ резиденттерінің жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, медициналық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
