
«ҚДСЖМ» ҚМУ бос лауазымға конкурс жариялайды:
- «Эпидемиология, дәлелді медицина және биостатистика» кафедрасының меңгерушісі – 1 (бір) штаттық бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі;
- ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесінің болуы;
- ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 5 жыл;
- соңғы бес жылда оқытылатын пәндердің бейіні бойынша біліктілікті арттыру туралы куәліктің болуы;
- соңғы бес жылда педагогикалық құзыреттер немесе білім берудегі менеджмент бойынша біліктілікті арттыру туралы куәліктің болуы.
Мемлекеттік тілді және ағылшын тілін кәсіби деңгейде меңгеруі, яғни мемлекеттік (ағылшын) тілін мамандық аясында толыққанды қолдану, оқу сабақтарын жүргізу және құжаттамамен жұмыс істеу қабілетінің болуы құпталады.
Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:
- бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағандар;
- өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар тұлғалар;
- медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған тұлғалар.
Конкурсқа қатысу үшін үміткер мына құжаттарды тапсырады:
- белгіленген нысандағы өтініш;
- қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- белгіленген нысандағы түсті фотосуреті (3х4) бар қатысушының еңбек тізімі;
- білімі туралы құжаттардың көшірмелері және олардағы қосымшалары (түпнұсқаларын салыстыру үшін көрсету қажет):
- шетелдік оқу орындарында алған білімі туралы құжаттарға білім беру саласындағы уәкілетті орган берген тану немесе нострификациялау куәлігінің көшірмелері қоса беріледі;
- еңбек қызметін растайтын, жұмыс орнының (қазіргі немесе соңғы) кадр қызметі растаған құжаттың көшірмесі;
- денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытынды) №075/у нысаны бойынша, құжаттарды тапсыру күнінен бастап 3 (үш) айдан аспаған мерзімде берілген;
- психоневрологиялық ұйымнан алынған, құжаттарды тапсыру күнінен бастап 1 айдан аспаған мерзімде берілген анықтама (мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес);
- наркологиялық ұйымнан алынған, құжаттарды тапсыру күнінен бастап 1 айдан аспаған мерзімде берілген анықтама (мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес);
- ұсыным хаты;
- «Мен және менің мансабым» тақырыбында еркін формадағы эссе.
Құжаттарды қабылдау мерзімі – хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде. Конкурс өткізу күні – 2025 жылғы 2 қыркүйек, мекенжайы: Өтепова көшесі, 19А.
Көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «ҚДСЖМ» ҚМУ HR бөлімі кадр мәселелері жөніндегі жетекші маманы Мынбаева Д.С.-ға (Алматы қ., Өтепова көшесі, 19А, 210-кабинет) тапсыру қажет.
Байланыс телефоны: 8 (707) 140 01 87, email: d.mynbayeva@ksph.kz