Skip to main content
search


“ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлері күніне арналған “ДЕНСАУЛЫҚҚА АПАРАТЫН КӨПІР: ғылым және клиника” халықаралық ғылыми-практикалық конгресі жұмысын бастады.

Іс-шараның ашылуы пленарлық секциямен белгіленді, оның барысында денсаулық сақтауды дамытудың негізгі бағыттары: инновациялық тәсілдер, жасанды интеллектті қолдану, трансплантация және трансляциялық ғылым мәселелері қозғалды.
Пленарлық секция жұмысына Испания, АҚШ, Ресей және Үндістанның жетекші мамандары қатысты, бұл конгресстің халықаралық мәртебесін және оның ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін маңыздылығын атап өтті.

Әрі қарай Конгресс Постерлік баяндамалар мен Мейіргер ісі секцияларында жұмысын жалғастырды.
Конгресс аясында “Мейіргер ісі” секциясы мейіргерлерді даярлау және кәсіби қызмет саласындағы өзекті тақырыптарды талқылау алаңына айналды. Қатысушылар оқытудағы заманауи тәсілдерге, егде жастағы пациенттерге паллиативтік көмек көрсету мәселелеріне, еңбек жағдайларына және кәсіби ортаны қалыптастыруға, сондай-ақ мейіргер ісі практикасына жасанды интеллектті енгізу перспективаларына назар аударды.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Семей медицина университетінің магистранттары мен докторанттары баяндама жасады. Олардың сөз сөйлеуі қызығушылық тудырып, Қазақстандағы мейіргер ісінің болашағы туралы кәсіби диалогқа негіз болды.

Close Menu