Офтальмология кафедрасы 2024 жылдың тамыз айында (2024 жылғы 29 тамыздағы №124/1-ж/қ бұйрығы негізінде) КМУ Жоғары қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің хирургиялық аурулар кафедрасының қайта құрылуы нәтижесінде ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі болып медицина ғылымдарының докторы Алдашева Нэйля Ахметқызы тағайындалды.
КМУ Жоғары қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің офтальмология кафедрасы «Офтальмология (ересектер және балалар)» мамандығы бойынша резидентурада офтальмолог-дәрігерлерді даярлауды жүзеге асырады.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына: 1 кафедра меңгерушісі, 1 профессор және 2 доцент кіреді. Сонымен қатар оқу үдерісіне жоғары білікті, тәжірибесі мол, ғылыми жетістіктері бар басқа да оқытушылар мен дәрігер-мамандар тартылған.
Профессорлық-оқытушылық құрамның әрбір мүшесі тек қана білім беру қызметімен шектелмей, сонымен қатар медицинаны дамытуға және хирургиялық емдеу әдістерін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ көру мүшесінің әртүрлі патологиялары бар науқастарға емдеу-кеңес беру және хирургиялық көмек көрсетеді.
Резиденттерді оқыту республикалық жетекші офтальмологиялық орталық – Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының базасында жүргізіледі. Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасындағы офтальмологиялық қызметтің стратегиялық даму бағытын айқындайтын жетекші мамандандырылған орталық болып табылады. Институттың көпжылдық тарихы, жоғары ғылыми мектебі және Қазақстанда ғана емес, одан тыс елдерде де мойындалған беделі бар.
Институттың заманауи клиникалық базасы бар, оған амбулаториялық-поликлиникалық бөлімше, операциялық блоктар, микрохирургия, лазерлік технологиялар, витреоретинальды және реконструктивтік хирургия бөлімшелері кіреді.
Институттың ғылыми-зерттеу қызметі көз ауруларын диагностикалау мен емдеудің инновациялық әдістерін әзірлеуге және енгізуге бағытталған, оның ішінде тор қабық аурулары, глаукома, катаракта, кератопатия және басқа да офтальмологиялық нозологиялар бар. Бұл резиденттерге оқу пәндерінің тақырыптарына сәйкес әртүрлі офтальмопатологиясы бар науқастарды бақылауға мүмкіндік береді.
Институт жақын және алыс шетелдердің жетекші ғылыми орталықтарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді, халықаралық клиникалық зерттеулерге қатысады және офтальмология ғылымы мен білім беру саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырады.
Резиденттермен жұмысқа кафедра оқытушылары мен институттың клиникалық бөлімшелерінің қызметкерлері арасынан тәжірибелі тәлімгерлер тартылған. Барлық тәлімгерлер офтальмология мамандығы бойынша жоғары және бірінші біліктілік санатына ие.
Резиденттер конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға, тренингтер мен мастер-кластарға белсенді қатысады. Жыл сайын Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты базасында жас офтальмолог ғалымдардың халықаралық конференциясы өткізіледі.
Қазіргі заманғы медицинаның жетістіктерін пайдалану резиденттердің кәсіби ойлау қабілеттерін дамытып, үздіксіз кәсіби жетілуге деген қажеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Алдашева Нэйля Ахметовна
aldasheva_n72@mail.ru

Жургумбаева Гульнар Кайратовна
gulnarzhur@mail.ru

Исергепова Ботагоз Искаковна
botagoz.issergepova@gmail.com

Джаппарханова Асель Уразовна
dzhapparhanova@mail.ru

Канатбекова Асель Канатбековна
assely88@mail.ru

Дошаканова Асель Байдаулетовна
doshakanova@mail.ru

Берікбай Гүлзат Талғатқызы
gulzat94@list.ru