Конгресс Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, сондай-ақ Греция, Қазақстан, Қырғызстан, Литва, Ресей Федерациясы, Украина, Өзбекстан және басқа да елдердің атынан өкілдік ететін әлемдік денсаулық сақтаудың жетекші сарапшылары мен көшбасшыларының қатысуымен пленарлық сессиямен ашылды, олар жаһандық денсаулық сақтау жүйесін дамытудың, медициналық сақтандырудың, ауылдық жерлерде ЖПД уәждемесінің, ана өлімінің, инновациялардың басым бағыттарын, қоғамдық денсаулық сақтау, корпоративтік басқару, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы көшбасшылық және т.б. мәселелерді талқылады. Баяндамалар Конгрестің көптеген аудиториясын қызықтырды. Сарапшылар келіп түскен сұрақтарға толық жауап берді. Конгресс ұйымдастырушыларына көптеген құттықтаулар мен алғыстар айтылды. Конгресс өз жұмысын 6-7 желтоқсанда да жалғастырады.