🗣️Кездесуді академиялық және ғылыми қызмет жөніндегі проректор, профессор Камалиев М. А. ашты және университеттің жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің көшбасшысы ретіндегі жетістіктері туралы қысқаша ақпараттан кейін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының өмір және денсаулық ғылымдары орталығының бас академиялық қызметкері Жұмабаев Нұрдәулет Нарбекұлын таныстырып, оған сөз берді ғылымның дамуы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Мемлекет басшысының қолдауымен соңғы жылдары ғылым саласында елеулі өзгерістер болды.
🏅Саланы дамыту бағытында ұлттық бағдарламалар бекітіліп, қажетті ресурстар бөлінді, негізгі міндеттер айқындалды. Ғалымдардың жалақысы өсті, жас мамандарды қолдау шаралары кеңейтілді, сондай-ақ Қазақстанда ғылымды дамытуға жұмсалатын қаражат көлемі өсті. Сонымен қатар, Ғылым Академиясына өз мамандығына құмар және үлкен ғылыми әлеуеті бар ғалымдарды тарту қажет. Спикерге сұрақтар қойылды, оларға толық жауаптар алынды. Н. Ж. Жұмабаев профессор М. А. Камалиевке “Қаныш Сәтбаев – 125 жыл” Ұлттық Ғылым академиясының медалін табыс етті.