Skip to main content
search
0

Денсаулық сақтау және медициналық технологиялар саласында жұмыс істейтін неміс компаниялары Қазақстанда серіктестер іздейді

3-4 маусымда “ҚДСЖМ/KSPH” Денсаулық сақтау және медициналық технологиялар саласындағы неміс компанияларының сапары мен тұсаукесерлері өтеді. Неміс DREBERIS GmbH компаниясы NETSCI GmbH компаниясымен бірлесе отырып Германияның Федералды экономика және климатты қорғау Министрлігінің тапсырмасы бойынша Қазақстанға іскерлік сапар ұйымдастырады.

Алматыда бірлескен ынтымақтастық әлеуетін зерделеу және іскерлік қарым-қатынас орнату мақсатында Денсаулық сақтау саласындағы барлығы тоғыз неміс компаниясы екі күндік бағдарламаға қатысады.

Барлық мүдделі тұлғаларды денсаулық сақтау/Медициналық технологиялар саласындағы соңғы жетістіктер және денсаулық сақтаудағы цифрландыру сияқты тақырыптар туралы неміс компанияларының өкілдерімен арнайы конференцияларға және жеке пікірталастарға қатысуға шақырамыз. Сапар аясында неміс компанияларымен B2B кездесулері болады.

Біздің іс-шараларға (конференцияларға, сондай-ақ жеке кездесулерге) тіркелу келесі сілтеме бойынша мүмкін болады: https://www.dreberis.com/uk/news/Cooperation-days-in-healthcare-industry-and-medical-technologies-in Kazakhstan-and-Uzbekistan.

Өтетін орны: “ҚДСЖМ” ҚМУ, Алматы қ., Өтепов к-сі, 19 а мекен-жайы бойынша ораналасқан. Байланыс телефоны: +7 777 268 6571

Тікелей байланыс алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Неміс компаниялары тек қазақстандық нарықта жұмыс істейді және серіктестіктер мен клиенттерді іздейді!

Close Menu