Денсаулық сақтау менеджменті кафедрасы 1997 жылы денсаулық сақтау менеджменті бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлау, денсаулық сақтауды реформалау жағдайында менеджмент, маркетинг, экономика және фармация мәселелері бойынша денсаулық сақтау органдары мен мекемелері басшыларының біліктілігін арттыру мақсатында құрылды.
Кафедраның мақсаты мен міндеті:
- Медициналық ұйымның стратегиялық дамуына жауапты, көшбасшылық позициясын ұстанатын басшыларды даярлау .
- Медициналық ұйымның заманауи менеджменті талаптарына сай болатын денсаулық сақтау жүйесінің жоғары білікті мамандарын қалыптастыру.
- Білім алушылардың бойында өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қабілетін, олардың барлық белсенді тіршілік әрекеті барысында жаңа білімді өз бетінше меңгеру қажеттілігі мен дағдыларын қалыптастыру
Денсаулық сақтау менеджменті саласындағы дайындық
- меншіктің барлық нысанындағы ұйымды/кәсіпорынды/мекемені басқару кезінде басқарушылық шешімдер қабылдау негізділігінің деңгейін жоғары арттырады;
- бастамашыл, жан-жақты,мақсаты айқын,өзін дамытуға мүдделі, икемділігі мен бейімділігі жоғары мамандар жұмыс берушіге қажет қазіргі қоғамда бәсекеге қабілеттілікті арттырады;
- жоғары білімі бар мамандардың кәсіптік ұтқырлығы мен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдеседі;
- жеке білім -кәсібилік мүдделерінің іске асу мүмкіндіктерін арттырады;
- білім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, себебі білім алуға үйренушінің өзі қызығушылық танытады;
- денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау қазіргі экономикалық жағдайда өте өзекті болып табылады
«Денсаулық сақтау менеджменті» кафедрасының қызметкерлері
Камалиев Мақсұт Әділханұлы
Кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор
Нарымбаева Назерке Нұрмағамбетқызы
Аға оқытушы, медицина ғылымдарының магистрі
Хаджиева Айман Бериккалиевна
доценті, экономика ғылымдарының кандидаты
Имашева Баян Имашевна
Аға оқытушы, медицина ғылымдарының магистрі
Куватова Улпан
Зертханашы
Калиева Диана Амиржановна
Доцент, PhD
Бимагамбетов Темирлан
Зертханашы
«Денсаулық сақтау және сақтандыру медицинасының экономикасы» курсы
Куракбаев Куралбай Куракбаевич
Курс меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор
Ахметов Валихан Исаевич
Профессор, медицина ғылымдарының докторы
Кадирбекова Фатима Абжапаровна
Аға оқытушы
Бримжанова Маржан Дихановна
Доцент, PhD
«Денсаулық сақтаудағы IT технологиялар» курсы
Ауэзова Алма Муханбетжановна
Курс меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, профессор