Skip to main content
search

Миссиясы


Сапалы білім, қолданбалы ғылым және тиімді консалтинг арқылы қоғам денсаулығын жақсарту.


Көзқарасы



Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесін дамыту саласында инновациялық технологияларды генерациялауға және трансферттеуге бағытталған медициналық және фармацевтикалық мамандарды даярлау жүйесіндегі жетекші университет.


Құндылықтар




    • Сапа және кәсібилік
    • Практикаға бағдарлану және қоғамдық маңыздылық
    • Академиялық адалдық және этика
    • Инновациялылық және даму
    • Халықаралық ынтымақтастық және ашықтық
    • Білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі
    • Білім алушылар мен жұмыс берушілерге бағдарлану


2026–2030 жылдарға арналған “ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университеті” ЖШС даму бағдарламасының мақсаты мен міндеттері


Мақсат — кадрларды көпдеңгейлі даярлау жүйесін дамыту, ғылымды, білім беруді және клиникалық практиканы интеграциялау, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты кеңейту арқылы Қазақстандық медицина университеті «ВШОЗ»-дың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Міндеттер:

      1. Ұлттық және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес барлық білім беру деңгейлерінде кадрларды үздіксіз және сабақтастық негізде даярлауға бағытталған көпдеңгейлі медициналық білім беру жүйесін қалыптастыру және дамыту.
      2. Білім беру бағдарламаларын жаңарту, практикалық базаны кеңейту, цифрлық технологияларды енгізу және практикалық денсаулық сақтау мамандарын тарту арқылы денсаулық сақтау жүйесі үшін кадрларды даярлау сапасын арттыру.
      3. Ғылыми зерттеулерді дамыту, гранттық бағдарламаларға қатысу, жарияланымдық белсенділікті арттыру және ғылыми нәтижелерді білім беру мен клиникалық практикаға енгізу арқылы университеттің ғылыми-зерттеу және инновациялық әлеуетін нығайту.
      4. Университетті халықаралық білім беру және ғылыми кеңістікке интеграциялау мақсатында білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының халықаралық ынтымақтастығы мен академиялық ұтқырлығын кеңейту.
      5. Басқару жүйесін жетілдіру, білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесін дамыту, сондай-ақ білім беру, ғылыми және клиникалық инфрақұрылымды жетілдіру арқылы университеттің тұрақты институционалдық дамуын қамтамасыз ету.

 

Close Menu