Басшылар

Ботагөз Саитқызы Турдалиева

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Медицина ғылымдарының докторы, медицина профессоры, Қазақстан Республикасы Профилактикалық Медицина Академиясының Академигі.

 

Білімі

Жоғары, Алматы Мемлекеттік медицина институты «Педиатрия» мамандығы бойынша.

Интернатура,  № 2 Қалалық балалар ауруханасы.

Аспирантура, Алматы Мемлекеттік Дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институты «Неонатология» мамандығы бойынша.

MBA, AC “Institute of International Education”, Prague, Czech Republic

 

Ғылыми жетістіктері

14.00.09 – педиатрия мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты, 1999 ж.

Медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін  “Гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатиясы бар шала туған нәрестелердегі Калликреин-кинин қан жүйесі және ликвор биомаркерлері” диссертациясы

 

14.00.33 – Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау мамандығы бойынша медицина ғылымдарының докторы, 2009 ж.

 

Медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін “Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасында созылмалы инфекциялық емес аурулардың алдын алу” диссертациясы

 

Еңбек өтілі

1991-1993 жж. – Алматы қалалық балалар емханасы, дәрігер-педиатр

1993-1995 жж. – Алматы қаласының перинаталдық орталығы, дәрігер неонатолог-реаниматолог

1999-2009 жж. Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы, қоғамдық бастамалардағы ғылым бөлімінің медициналық – әлеуметтік және профилактикалық бағдарламалар бөлімшесінің меңгерушісі, ДДҰ-ның Қазақстандағы “CINDI” бағдарламасының Ұлттық үйлестірушісі

2009-2018жж. –  С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, “Денсаулық сақтаудағы саясат және басқару” кафедрасының меңгерушісі; Дәлелді медицина орталығының директоры, Қоғамдық денсаулық сақтау институтының директоры 2018-2021 жылдары – “Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті” АҚ, Ғылым және инновациялар департаментінің директоры,

“Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті” АҚ ғылыми-инновациялық қызмет және стратегиялық даму жөніндегі проректоры.

 

Ботагөз Саитқызы Турдалиева 180-нен аса ғылыми жарияланымдар жариялаған, оның ішінде:

Халықаралық рейтингтік ғылыми басылымдарда (импакт-фактормен) – 32; ҚР БжҒМ Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда-117;

Монографиялар, кітаптар-14;

Авторлық куәлік – 20.

Хирша индексі – 5

 

Ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау

“Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығы бойынша магистрлер-25;

PhD докторлары мен кандидаттары (ҚР БҒМ деңгейінде бекітілген) – 15.

 

Наградалар

ҚР ДСМ Құрмет грамотасы, 2004ж.

ҚР БҒМ Құрмет грамотсы, 2014ж.

 

Басқа да лауазымдары

Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің (HAAP) медициналық мамандықтар бойынша сараптамалық кеңесінің төрайымы, 1-санатты ұлттық сарапшы.

Қоғамдық денсаулық сақтау мамандарының халықаралық қауымдастығының мүшесі

Медициналық сауаттылық бойынша азиялық қауымдастығының мүшесі (AHLA, Asian Health Literacy Association)

Алмагүл Амангелдіқызы Кауышева

Білім беру және ғылыми қызмет жөніндегі проректор

Ғылыми дәрежесі:
медицина ғылымдарының кандидаты

Білімі:
Ақмола мемлекеттік медицина академиясы (АММА), мамандығы:
«Емдеу ісі» (1999 ж.)
Клиникалық ординатура, Астана қ. ММА №2 «Ішкі аурулар» кафедрасы,
«Ішкі аурулар» мамандығы, терапия (1999-2001жж.).
Аспирантура, Қазақ мемлекеттік медицина академиясы (ҚазММА), Астана қ.
(2003-2006 жж.)
«Медицина және білім берудегі инновациялық технологиялар» атты тағылымдамадан өткен, Университет New Mexico, Альбукерке қ., АҚШ (2009 ж).

Еңбек өтілі:
– Қазақстан медициналық ұйымдар альянсы, Басқарма төрағасының орынбасары (2018 ж. – қазіргі уақытқа дейін)
– Денсаулық сақтау ұлттық палатасы, Басқарма төрайымының м.а., Басқарма төрағасының орынбасары (2016-2018 жж.)
– Денсаулық сақтау ұлттық палатасы, Комитет төрағасының медициналық білім беру, денсаулық сақтау кадрлары және ғылым жөніндегі орынбасары (2014-2016 жж.)
– Қазақстан медициналық білім және ғылым қауымдастығы, бас директордың орынбасары (2013-2014 жж.)
– ҚР ДСМ Медициналық білім және ғылым инновациялық технологиялар республикалық орталығы, директордың орынбасары (2009-2013жж.)
– ҚР ДСМ Медициналық білім және ғылым инновациялық технологиялар республикалық орталығы, Білім бөлімінің басшысы (2009-2013 жж.)
– «Астана Медицина университеті» АҚ, кафедра доценті (2006-2009 жж.)
Кәсіби бірлестіктердегі мүшелігі:
– 2019 ж. – ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Байқау кеңесінің мүшесі;
– 2018-2019 жж. – ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Аккредиттеу орталығының сыртқы кешендік бағалау сарапшысы;
– 2017-2019 жж. – ҚР ДСМ Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі бірлескен комиссиясының медициналық қызметтер сапасын аккредиттеу және басқару комитетінің мүшесі;
– 2016–2019 жж. – Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз агенттіктің медициналық білім беру жөніндегі эксперттік кеңесі комитеті төрағасының орынбасары;
– 2018 ж. – «Денсаулық сақтау саласындағы сыртқы кешенді бағалау бойынша сарапшылар мен консультанттардың» қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

Наградалары:
– «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі (2018 ж.);
– «Кәсіби еңбегі үшін» Ұлттық денсаулық сақтау палатасының медалі
(2017 ж.);
– ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі атынан Алғыс хат (2015 ж.);
– «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы және Денсаулық сақтау Ұлттық палатасынан Құрмет грамота;
– ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының «ғылым және инновациялар саласындағы үздік сарапшы» дипломы (2019 ж);
– ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығынан Алғыс хат (2019ж);
– Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Реконструкция және Даму Халықаралық Банкінің атынан Кәсіби стандарттардың үздік әзірлеушісі сертификатымен марапатталған (2018 ж.).

Жұмабеков Әуесхан Төлегенұлы

Клиникалық жұмыс жөніндегі проректор

 

Ғылыми дәрежесі: медицина ғылымдарының докторы, профессор.

 

Білімі:

1984-1990 жж.  –    Алматы мемлекеттік медицина институтының Емдеу факультеті;
1990-1992 жж. – Алматы мемлекеттік медицина институты Жалпы хирургия кафедрасының клиникалық ординаторы;
1992-1995 жж. – Алматы мемлекеттік медицина институтының Жалпы хирургия кафедрасының күндізгі оқу аспиранты;
1995 ж. – «Фосфор өндірісінің кен жұмысшыларында жедел аппендицит клиникасының, диагностикасының және емдеудің ерекшеліктері» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғау;
2002 ж. – Оқу курсы: «Халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың өзекті мәселелері», ҚДСМ;
2003-2011 жж. – Дәрігер-хирургтың жоғары біліктілік санаты берілді;
2003 – 2006 жж. – АМДБЖИ хирургия кафедрасының күндізгі оқу докторанты;
2006 ж. – «Ойық жаралы этиологияның гастродуоденальды қан кетуімен ауыратын науқастарды емдеудің заманауи принциптері» тақырыбында докторлық диссертация қорғау;
2007 ж. – Қайта даярлау курсы: “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және Мемлекеттік қызмет”, ҚР Мемлекеттік және жергілікті басқару институты.
2007 ж. – Біліктілікті арттыру:” Хирургия”, Везель қ. (Германия);
2008 ж. – Ресей медициналық үздіксіз кәсіптік білім беру академиясында Жалпы хирургия, Мәскеу қ.;
2010 ж. – Біліктілікті арттыру: «Қазіргі жағдайдағы медициналық ұйымдардың қызметін ұйымдастырудың экономикалық негіздері», АМДБЖИ;
2011 ж. – Профессор атағы берілді.
2011 ж. – Біліктілікті арттыру: «Медициналық көмек көрсетуді басқарудың өзекті мәселелері. Сараптама қызметінің негіздері», ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту институты.
2011 ж. – Біліктілікті арттыру: «Лапароскопиялық хирургия», Хайфа қ. (Израиль), «Бней Цион» медициналық орталығы;
2012 ж. – Экономика және бизнес бакалавры, «Қайнар» университеті.
2015 ж. – Біліктілікті арттыру: «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі жағдайында қоғамдық денсаулық сақтау», ҚазМҮББУ.
2017 ж. – Біліктілікті арттыру: «Көкірек және құрсақ қуысы органдарының шұғыл хирургиясы», ҚазМҮББУ.
2018 ж. – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты берілді.
2020 ж. – Біліктілікті арттыру: «Медициналық білім беру әдіснамасы», Халықаралық дипломнан кейінгі білім беру институты.
2021 ж. – Біліктілікті арттыру: «Медициналық көмектің сапасын басқару», Халықаралық дипломнан кейінгі білім беру институты
2021 ж. – «Қазіргі заманғы қоғамдық денсаулық сақтау» біліктілігін арттыру, Халықаралық дипломнан кейінгі білім беру институты.

 

Ұйымдастырушылық қызмет:

– Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасы, хирургия бөлімінің меңгерушісі;

– Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасы, хирургия бойынша директор орынбасарының м. а.;

– Алматы қаласы Денсаулық сақтау департаменті, бас хирург;

– «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ, хирургия кафедрасының меңгерушісі;

– «Daumed» клиникасы, стратегиялық даму жөніндегі директор.

 

Қоғамдық қызмет:

1996 ж. – Алматы қаласы делегациясының мүшесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ақмола қаласындағы озық жастармен кездесуінде.
2008-2015 жж. – Дәрігерлерге біліктілік санатын беру жөніндегі аттестаттау комиссиясының мүшесі.
2008-2014  жж. – ҚР Ұлттық Медицина қауымдастығының аккредиттелген тәуелсіз сарапшысы.
2012 ж.бастап – ҚР эндоскопиялық хирургтар қауымдастығы және хирургтар қоғамы президиумының мүшесі.
2021 ж.бастап – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК Бақылау кеңесінің мүшесі

 

Ғылыми қызметі:

180-нен астам ғылыми еңбек, 1 монография, 4 оқу құралы және 1 әдістемелік ұсыным жарияланды, ҚР 15 алдын ала патенті және патентінің авторы. 12 магистр, 4 медицина ғылымдарының кандидаты және 4 медицина докторын (PhD) дайындады.

 

Марапаттар:  

ҚР «Нұр-Отан» ХДП алғысы, Алматы қаласы Денсаулық сақтау департаментінің Құрмет грамотасы, ҚР Ұлттық Медицина қауымдастығының «Алтын дәрігер» және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «II дәрежелі Шекара әскерлері үздігі» наградалық белгісі, «Білімге қосқан үлесі үшін» медалі, «ҚР ұлттық мақтанышы» дипломы.