
Республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген «Дәрігерлік дәстүрдің жалғасы» атты мақалада «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің клиникалық қызмет жөніндегі проректоры, профессор Әуезхан Төлегенұлы Жұмабековтің отандық медицина саласына қосқан елеулі үлесі баяндалды.
Профессор Әуезхан Жұмабеков Қазақстанда эндоскопиялық және аз инвазиялық хирургияның дамуына зор үлес қосқан ғалымдардың бірі.
Атап айтқанда, ол елімізде алғаш рет тоқ ішектегі ісікті лапароскопиялық әдіспен алып тастау операциясын сәтті жүзеге асырған. Бұл жетістік хирургиялық емдеудің заманауи тәсілдерін дамытуда маңызды қадам болды.
Ғалым 1990 жылдардың өзінде Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында қызмет атқарып, торакоскопия, лапароскопия және басқа да заманауи хирургиялық әдістерді медициналық тәжірибеге енгізуге белсене атсалысты.
Бүгінде профессор ғылыми ізденістерін жалғастырып, отандық хирургияның дамуына үлес қосып келеді.
«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті ұжымы Әуезхан Төлегенұлының медицина саласындағы жетістіктерін мақтан тұтады!
📖 Мақаланың толық нұсқасы:
https://egemen.kz/news/darigerlik-dasturdin-zhalgasy
Дереккөз: «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті.
