Қазақстандық медицина университеті «ҚДСЖМ»-де Клиникалық кеңестің №2 кезекті отырысы өтті

2026 жылғы 13 қарашада Қазақстандық медицина университеті «ҚДСЖМ»-де білім беру және клиникалық қызметті жетілдіру, резидент-дәрігерлерді даярлау сапасын арттыру және медициналық білім беру жүйесін дамыту мәселелеріне арналған Клиникалық кеңестің №2 кезекті отырысы өтті.

Отырыс А. Джумабековтың төрағалығымен өтіп, оған бейінді кафедралардың меңгерушілері, курс жетекшілері және Резидентура департаментінің өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес 2025–2026 оқу жылындағы білім беру және клиникалық қызметтің нәтижелері бойынша келесі бағыттардың есептері ұсынылды:

  • Нейрохирургия, жүрек-қантамыр хирургиясы, онкология және травматология курстарын қамтитын хирургия кафедрасы;
  • Радиология кафедрасы;
  • Шұғыл медицина курсын қамтитын анестезиология және реаниматология кафедрасы;
  • Акушерлік және гинекология кафедрасы;
  • Урология курсы;
  • Неврология курсы.

Отырыста резидент-дәрігерлердің психоэмоционалдық жағдайы мен психологиялық әл-ауқатына ерекше назар аударылды. Педагогика, психология және жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ерболат Джумашұлы Ақшолақов резиденттердің психоэмоционалдық жағдайын бағалауға бағытталған сауалнама нәтижелеріне талдау ұсынды.

Сонымен қатар резидент-дәрігерлердің оқу және клиникалық жүктемесін талдау, оларды клиникалық базаларға тиімді бөлу мәселелері қарастырылды. Аталған бағыттар болашақ медицина мамандарының тәжірибелік даярлық сапасын қамтамасыз етуде және олардың кәсіби дамуына қолайлы жағдай жасауда маңызды рөл атқарады.

Бұдан бөлек, қатысушылар 2026–2027 оқу жылына арналған Қорытынды мемлекеттік аттестаттау комиссиясы төрағасының кандидатурасын университеттің Ғылыми кеңесіне ұсыну мәселесін талқылады.

Клиникалық кеңестің отырысы медициналық кадрларды даярлау жүйесін жетілдіруге, кафедралар мен клиникалық базалар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға және білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруға бағытталған университеттің жүйелі жұмысының маңызды бөлігі болып табылады.

Қазақстандық медицина университеті «ҚДСЖМ» медициналық білім беру сапасын арттыруға, жас мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсетуге және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі үшін жоғары білікті медицина кадрларын даярлауға басымдық беруді жалғастыруда.

Share