







ҚМУ «ҚДСЖМ»-де дерматовенерология бойынша республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті
2026 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстандық медицина университеті «ҚДСЖМ»-де медицина ғылымдарының докторы, профессор Г. К. Асқарованың 70 жылдығына арналған «Дерматовенерологиядағы инновациялар мен дәстүрлер: ғылыми мұра және заманауи тәжірибе» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция өтетін күннің жалпыұлттық аза тұту күнімен тұспа-тұс келуіне байланысты іс-шара бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Барлық салтанатты және ойын-сауық сипатындағы бөлімдер алынып тасталып, конференция ұстамды ғылыми-іскерлік форматта өткізілді.
Іс-шараның ашылуында ҚМУ «ҚДСЖМ» ректоры Ардақ Мұханбетжанова конференция қатысушыларына үндеу жасап, қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Ректордың ұсынысымен жиналғандар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Одан кейін конференция бекітілген ғылыми бағдарламаға сәйкес жалғасын тапты.
Конференция жұмысына медицина және ғылым саласының өкілдері, оқытушылар, зерттеушілер, тәжірибелі дәрігерлер және дерматовенерология саласының мамандары қатысты. Іс-шара аясында саланың өзекті мәселелері, диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдері, жаңа ғылыми бағыттар, сондай-ақ ғылыми дәстүрлердің сабақтастығын сақтау мәселелері талқыланды.
Ерекше назар профессор Г. К. Асқарованың ғылыми, педагогикалық және кәсіби мұрасына, сондай-ақ дерматовенерологияның, медициналық ғылым мен мамандар даярлау ісінің дамуына қосқан көпжылдық үлесіне аударылды.
Конференция кәсіби тәжірибе алмасуға, заманауи ғылыми тәсілдерді талқылауға және медицина қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды алаң болды.
Қазақстандық медицина университеті «ҚДСЖМ» қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.
