













2026 жылғы 23 шілдеде резидентура түлектеріне куәліктер салтанатты түрде табысталды
2026 жылғы 23 шілдеде Қазақстандық медицина университеті «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде» резидентура түлектеріне куәліктерді салтанатты табыстау рәсімі өтті.
Салтанатты іс-шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, құрметті қонақтар, ата-аналар және түлектер қатысты.
Рәсім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылып, университет басшылығы мен арнайы шақырылған мәртебелі қонақтар түлектерге ізгі тілектерін арнады. Сонымен қатар, оқу барысында белсенділігімен ерекшеленіп, университеттің қоғамдық өміріне үлес қосқан резиденттер Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Іс-шара барысында «Радиология», «Дерматовенерология», «Эндокринология», «Неонатология», «Гастроэнтерология», «Физикалық медицина және оңалту», «Психиатрия» білім беру бағдарламалары бойынша резидентураны сәтті аяқтаған түлектерге куәліктер салтанатты түрде табысталды.
Мерекелік кеш барысында шығармашылық музыкалық нөмірлер ұсынылып, салтанатты рәсім ерекше көңіл күйде өтті.
Қазақстандық медицина университеті «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» барлық түлектерді маңызды белестің сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтайды! Жас мамандарға кәсіби қызметтерінде толағай табыс, үздіксіз даму, мықты денсаулық және ел игілігі жолындағы жемісті еңбек тілейміз.
