Құрметті талапкерлер!

Біз университет ғылымын одан әрі дамытуға қатысты маңызды стратегиялық шешім қабылдадық.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ғылыми қызметтің тиімділігін арттыру және ғылыми жобалардың нақты практикалық нәтижесін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Бүгінде ғылым саласын қаржыландыруға жыл сайын 200 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді. Сондықтан біз, ғылым қызметкерлері, сұранысқа ие ғылыми әзірлемелерді жасауға, инновацияларды енгізуге және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті міндеттерін шешуге өз үлесімізді қосуға тиіспіз.

Біз, «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Қазақстан медицина университеті, білім беру, ғылым және практикалық денсаулық сақтаудың өзара ықпалдастығының маңызын терең түсінеміз және әлеуметтік жауапкершілігімізді толық сезінеміз. Осы бағыттағы келесі қадам ретінде университет «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Медицина» мамандықтары бойынша PhD бағдарламасына ректор гранттарын бөледі, 2026–2027 оқу жылына докторанттар үшін оқу ақысының құнын едәуір төмендетеді және төлемнің барынша қолайлы шарттарын ұсынады.

Біз ғылымды, инновацияларды және жайлы академиялық ортаны дамытуға қолайлы жағдайларды жүйелі түрде қалыптастыруға, жоғары білікті мамандарды даярлауға, ғылыми бастамаларды қолдауға және ұлт денсаулығын нығайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға берік ниеттіміз.

Share