
2026 жылғы 09 сәуірде Алматы қаласында «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті базасында «Ғылым және жастар: денсаулық сақтау саласында жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында жас ғалымдардың IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.
Конференция аралас форматта (офлайн және онлайн) өткізіледі және Қазақстан мен шетел елдерінен келген жас ғалымдарды, резиденттерді, магистранттарды және докторанттарды біріктіреді. Іс-шараның негізгі мақсаты – медицина, қоғамдық денсаулық сақтау және мейіргер ісі салаларындағы ғылыми зерттеулерді дамыту, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында жасанды интеллектті қолдану мәселелерін талқылау.
Конференция аясында пленарлық отырыс, тақырыптық секциялар, постерлік баяндамалар және стартап-жобалардың презентациялары жоспарланған. Сонымен қатар жас зерттеушілер арасында үздік ғылыми баяндама байқауы өткізіледі.
Конференцияға 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар, резиденттер, магистранттар және докторанттар қатысуға шақырылады. Конференция қорытындысы бойынша ғылыми материалдар жинағы жарияланады.
Конгресс ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Өтепов көшесі, 19а.
Өтетін күні: 2026 жылғы 09 сәуір.
Конференция өтетін орны: Алматы қ., Өтепов көшесі, 19а.
Постерлік баяндамалар мен жарияланымдар бойынша байланыс тұлғалары:
Шаикова Куралай Маратовна, тел.: +77785991313
Жантенова Замира Жарылқасынқызы, тел.: +77023336404
