Skip to main content
search

2025 жылғы 5 желтоқсанда стратегиялық серіктес – РФ ББМ «Смоленск мемлекеттік медициналық университетімен» кезекті ғылыми конференция өтті. ҚМУ «ҚДСЖМ» тарапынан конференциялардың ұйымдастырушысы – Денсаулық сақтауды басқару кафедрасы (кафедра меңгерушісі – м.ғ.д., профессор М.А. Камалиев) болды. Биыл XII халықаралық «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» ғылыми-тәжірибелік конференция СММУ-нің 105 жылдық мерейтойына және Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 80 жылдығына арналды. Ұсынылған жұмыстардың көптігіне байланысты конференция 4 секцияға бөлінді. ЖОО оқытушылары, практикалық денсаулық сақтау және білім беру ұйымдары қызметкерлерінің баяндамалары үш секцияда ұсынылды: «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» (13 баяндама), «Гигиенаның өзекті мәселелері» (8 баяндама), «Халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері» (10 баяндама). «Жастар ғылымы» секциясында докторанттардың, аспиранттардың, магистранттар мен ЖОО студенттерінің 51 баяндамасы медицина мен денсаулық сақтаудың түрлі мәселелеріне арналды. Конференцияның қашықтан өткізілуін СММУ-дың Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасы қамтамасыз етті.

Конференция материалдарымен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://vk.com/oziz_ssmu

Close Menu