
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен медициналық жоғары оқу орындарының рейтингілік бағалауында Қазақстан медицина университеті «ҚДСЖМ» жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Ғылыми және инновациялық қызмет көрсеткіштері бойынша жүргізілген бағалау нәтижесінде ҚМУ «ҚДСЖМ» клиникалық емес бейіндегі ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар арасында 2-орынды иеленді.
Сонымен қатар, университет келесі номинациялар бойынша көшбасшы деп танылды:
1-орын — ұйымның өз атына тіркелген патенттер мен өзге де қорғау құжаттарының саны бойынша;
1-орын — университет қызметкерлері мен білім алушыларының халықаралық конференциялар мен форумдарға қатысу деңгейі бойынша;
2-орын — Web of Science, Scopus, Springer халықаралық ғылыми деректер базаларындағы жарияланымдар саны бойынша.
Бұл нәтиже университет ұжымының жоғары ғылыми белсенділігін, инновациялық әлеуетінің дамуын және ҚМУ «ҚДСЖМ»-ның беделінің нығаюын дәлелдейді.