



Бүгін Қазақстан Медициналық Университетінде «Жоғары Қоғамдық Денсаулық Мектебі» ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
“Ұстаз – ұлы тұлға, шәкірт – оның айнасы.”
Іс-шара барысында музыкалық нөмірлер орындалып, ректор Ардақ Мұханбетжанқызы Әуезованың құттықтау сөзі және денсаулық сақтау саласының ардагерлерінің жылы лебіздері айтылды. Бұл күні университет медицина, ғылым және білім саласына өмірін арнаған тұлғаларға алғыс білдірді.
Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталғандар:
• Кенжебек Өмірғали
• Сарсембаева Сауле Рамзаевна
• Смаилов Асхан Смаилович
• Дурумбетов Еркін Ермекович
• Есенжанова Гүлшат Мүсреповна
• Джусипов Алихан Казакбаевич
«Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі мен алғыс хат иегерлері:
Құлтаев Асхат Сейітханович, Байсултанова Аяш Чарипкановна, Бердиярова Гүлбану Сансызбаевна, Жарменов Самат Мәдіханович, Мещанов Ғалымжан Тұрсынович, Попова Татьяна Владимировна, Қалиева Диана Әміржановна, Ақшолақов Ерболат Жұмашевич, Сарсенбаева Майра Заманбековна, Сакиева Зауре Жандарбековна, Ахмарова Назерке Нұрлановна.
Атаулы гранттар мен стипендия иегерлері:
1. Құрманов Медет Құрманович (Бекмахан Сыбанбайұлы Құралбаев атындағы грант)
2. Айтбаев Жандарбек Әділханович (Джо Эйрик Асвалл атындағы грант)
3. Жатқанбаева Айнұр Жанатқызы (Мүсреп Есенжанов атындағы резидентура стипендиясы)
4. Асьмакова Арина Андреевна (Ахметов Ысқақ Шаяхметович атындағы атаулы стипендия)
5. Жолдан Аружан Қайратқызы (Машкеев Аукен Киасович атындағы атаулы стипендия)
Бұл күн ұстазға құрметтің, еңбегін мойындаудың және ұрпақтар сабақтастығының символына айналды.
Ұстаздар күні құтты болсын! Білім мен даналық жолыңыз болашақ ұрпақтың жолын әрдайым жарық етсін.