
Бүгін Қазақстан медициналық университеті «Жоғары қоғамдық денсаулық мектебі» және Алматы клиникалары қауымдастығы Хубэй провинциясынан (ҚХР) келген делегациямен кездесу өткізді. Делегация құрамына Хубэй провинциясының Денсаулық сақтау комиссиясының өкілдері, дәстүрлі қытай медицинасындағы жетекші госпитальдердің басшылары және медициналық университеттердің өкілдері кірді.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың перспективаларын, денсаулық сақтау саласындағы халықаралық байланыстарды дамыту және Қазақстан мен Қытай арасындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
Хубэй провинциясы Комиссиясымен өткен кездесу әріптестікті нығайту мен тәжірибе алмасудың жаңа кезеңіне негіз болады.