Skip to main content
search

Педагогика, психология және қоғамдық пәндер кафедрасы

Педагогика, психология және қоғамдық пәндер кафедрасы 2015 жылдың қараша айында денсаулық сақтау жүйесі мамандарын педагогика, психология және философия салаларында даярлау мақсатында құрылған.

Кафедра педагогика, психология және философия бойынша магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларын ұсынады.
Кафедра тәжірибеге бағытталған медицина салаларында жұмыс істейтін және медициналық ұйымдардың қызметіне психологиялық және реттеуші қолдау көрсете алатын денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ұйымдастырушыларын даярлайды.

Кафедра қызметінің негізгі бағыттары:

  • Университетте «педагогика», «басқару психологиясы» және «философия» пәндерін оқыту;
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру саласында профессорлық-оқытушылық құрамның психологиялық-педагогикалық және философиялық біліктілігін арттыру.

Кафедраның негізгі мақсаты – магистранттар мен докторанттардың келесі бағыттар бойынша педагогика, психология және философия салаларындағы білімдерін тереңдету және жүйелеу:
«Денсаулық сақтаудағы басқару психологиясы»,
«Қоғамдық денсаулық сақтауды басқару психологиясы»,
«Мейірбике ісін басқару психологиясы»,
«Философиялық білімнің дүниетанымдық және әдіснамалық негіздерін оқыту».

Кафедра сонымен қатар:

  • оқыту-кеңес беру қызметінде жаңа психологиялық-педагогикалық технологияларды енгізумен,
  • қосымша кәсіби білім беру жүйесі үшін біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын жасаумен,
  • педагогика мен психология саласындағы инновациялық теориялық және практикалық құзыреттерді дамытумен айналысады.

Ақшолақов Ерболат Жұмашұлы

Кафедра меңгерушісі, психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), ҚР ҰҚК ШҚ ардагері.

Email: e.akshol1958@mail.ru

Аширбаев Шермат Ералыевич

Аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінің докторанты.

Email: shermat70@mail.ru

Сейдаева Эльмира Абдрахимовна

Оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі.

Email: elmira.scorpion@mail.ru

Close Menu