Skip to main content
search

Резиденттермен Арыбжанов Дауренбек Турсункұлович — медицина ғылымдарының кандидаты, клиниканың емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық ғылыми онкология орталығының құрметті профессоры кездесті.

Кездесу барысында клиника туралы кеңінен әңгімеленді:
терапиялық, хирургиялық, реанимациялық және диагностикалық бөлімдерді қоса алғанда, XX-дан астам бөлімше;
заманауи жабдықтар мен озық емдеу технологиялары;
клиника резиденттердің тәжірибелік даярлығын жүргізетін ең ірі базалардың бірі болып табылады.

Кездесудің негізгі тақырыбы — оқу барысында көшпелі тәжірибені ұйымдастыру, сондай-ақ резидентураны аяқтағаннан кейін жұмыспен қамтылу перспективалары.

Клиника басшылығына ашық әңгіме мен жас мамандарды кәсіби қалыптасу жолында қолдауға дайын екендігі үшін алғыс айтамыз! Мұндай кездесулер резиденттерге болашақтағы жұмыс жағдайымен жақынырақ танысуға, кәсіби дамуға шабыттандыруға және таңдап алған медициналық мамандығына сенімділікті арттыруға көмектеседі.

Close Menu