Skip to main content
search

Академиялық мобильділік аясында 2025 жылғы 11-19 ақпан аралығында медициналық ғылымдарының докторы, профессор, ҚазМУ-дың анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі Венера Карыпбековна Исраилова «Ересектер мен балаларға арналған анестезиология және реаниматология» мамандығы бойынша ҚДСЖМ 1-курс резиденттері үшін практикалық сабақтар өткізді. 

Бұл сабақтар білім беру процесінің маңызды бөлігі болып, студенттерге жоғары білікті маманның жетекшілігімен практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік берді. Біз Венера Карыпбековнаға анестезиология және реаниматология саласындағы болашақ мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз!

Жаңалықтарымызды біздің сайттан https://ksph.edu.kz/ және Mediclub телеграм-арнасынан қадағалаңыз.

Close Menu