Skip to main content
search

9 желтоқсанда “ҚДСЖМ” ҚМУ қабырғасында Mindray компаниясы ұйымдастырған масстер класс өтті. Mindray — медициналық жабдықтарды әзірлеу мен өндірудегі жетекші компаниялардың бірі. Іс-шара барысында жоғары сапалы диагностика жасауға мүмкіндік беретін жаңа ультрадыбыстық аппараттың жұмысы таныстырылды. Әсіресе, аппараттың бауыр, сүт бездері және қалқанша бездерінің ауруларын, сондай-ақ қан айналымы бұзылыстарын зерттеудегі мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Бұл аппарат дәрігерлерге диагнозды дәл әрі уақытылы қоюға мүмкіндік береді.

Іс-шараға қатысушылар — резиденттер мен оқытушылар — ультрадыбыстық аппараттардың теориялық ерекшеліктерін ғана емес, жаңа модельдердің функционалын іс жүзінде зерттеу мүмкіндігіне ие болды. Mindray компаниясының сарапшылары аппараттардың техникалық сипаттамалары, клиникалық практикада және оқытуда қолдану мүмкіндіктері туралы толығырақ түсініктеме беріп, оларды түрлі патологияларды ерте кезеңдерде диагностикалау үшін қалай пайдалануға болатынын көрсетті. Масстер-класс қатысушылар үшін маңызды әрі пайдалы іс-шара болды, өйткені ол заманауи медициналық диагностика технологияларына терең бойлауға және кәсіби білімді кеңейтуге мүмкіндік берді.

Close Menu