Құрметті әріптестер!
“Medicine, Science & Education” ғылыми-практикалық журналының редакциясы журналдың №4 санында жариялау үшін мақалаларды қабылдауды жалғастыруда.
Журналда түпнұсқа ғылыми зерттеулердің материалдары бойынша дайындалған жұмыстар, әдебиеттерге тақырыптық шолулар, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық практика және білім беру саласындағы мәселелерді шешу тәжірибесінің сипаттамасы жарияланады.
Журналда мақалалар жариялау ТЕГІН.
Қабылдау мерзімі – 2024 жылдың 15 қарашасына дейін.
Мақаланы берер алдында https://www.ksph.edu.kz/ сайтындағы “Журнал” – “АВТОРЛАРҒА” бөліміндегі мақалалардың қолжазбалары үшін қойылатын талаптармен мұқият танысуды сұраймыз және сол бөлімде орналасқан форма арқылы мақаланы жүктеуге болатынын хабарлаймыз.
Барлық сұрақтар бойынша Ғылым және консалтинг департаментінің директоры Кәрібаева Индира Қазбекқызына хабарласуға болады.
☎️ Байл.тел.+7 777 823 8585, e-mail I.tulebayeva@ksph.kz