Skip to main content
search
0

Қаршыға Кәкішұлы – Қазақстанның нағыз патриоты, бірқатар мемлекеттік марапаттар мен ерекшелік белгілері бар.

Еңбек жолын 1972 жылы Целиноград облыстық ауруханасының дәрігер-интерн ретінде бастап, кейін дәрігер-ординатор, Целиноград облыстық клиникалық ауруханасының травматологиялық бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1992 жылдан 1996 жылға дейін Целиноград облыстық атқару комитетінің Денсаулық сақтау бөлімінің бірінші орынбасары болды.
1996-1998 жылдары ҚР Үкіметі жанындағы медициналық сақтандыру қорының (ММСҚ) Ақмола облыстық бөлімшесінің директоры қызметің атқарған.
2000 жылдан 2004 жылға дейін Астана қаласы Денсаулық сақтау департаменті директорының бірінші орынбасары болды.
2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Астана қаласы бойынша ұлттық денсаулық сақтау палатасы» ЖК және ЗТБ атқарушы директоры болып келген.
 
Қаршыға Кәкішұлының есімі, оның еліміздің игілігі үшін жасалған қызметі біздің жүрегіміз бен есімізде мәңгі қалады

Close Menu