Skip to main content
search

Хирургиялық аурулар кафедрасы

 

Хирургиялық аурулар кафедрасы 2020 жылдың ақпан айында (2019 жылғы 26 желтоқсандағы №317/1-н бұйрық негізінде) ҚМУ Жоғары қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің құрылымдық бөлімшелерін қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған. Кафедраның алғашқы меңгерушісі – медицина ғылымдарының докторы, профессор Төлеутайұлы Қарибай болды.
2021 жылдың қыркүйек айында Хирургиялық аурулар кафедрасы қайта ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі болып медицина ғылымдарының кандидаты, доцент С.М. Жарменов тағайындалды.
2024 жылдың қыркүйек айында кафедра «Нейрохирургия, урология және жүрек-қантамыр хирургиясы курсы бар хирургия кафедрасы» болып қайта аталды.
2025 жылдың қыркүйек айында кафедра «Жүрек-қантамыр хирургиясы, онкология және травматология курстары бар хирургия кафедрасы» болып қайта аталды.
ҚМУ Жоғары қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің жүрек-қантамыр хирургиясы, онкология және травматология курстары бар хирургия кафедрасы келесі түрдегі жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіби білім беруді жүзеге асырады:
— Салалық біліктілік шеңбері мен денсаулық сақтау саласындағы кәсіби стандарттарға сәйкес кәсіби құзыреттерді қолдауға, тереңдетуге және жетілдіруге бағытталған біліктілікті арттыру;
— Негізгі мамандық бағыты бойынша жаңа кәсіби құзыреттерді кеңейтуге және (немесе) игеруге арналған сертификаттық курс;
— «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша магистранттар мен докторанттарды оқыту;
— Хирургиялық бейіндегі резиденттерді оқыту;
— Мастер-класстар, семинарлар, конференциялар және т.б.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына: 1 кафедра меңгерушісі, 6 профессор, 3 доцент, 4 оқытушы кіреді. Кафедраның негізгі мүшелерінен бөлек, білім беру процесіне кәсіби тәжірибесі мол және ғылыми жетістіктерге жеткен бірқатар жоғары білікті оқытушылар мен дәрігер-мамандар да тартылады.

Жарменов Самат Мадиханұлы

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., қауымдастырылған профессор, хирург

szharmenov@mail.ru

Төлеутайұлы Қарибай

м.ғ.д., профессор, профессор, онколог

karibay_1951@mail.ru

Абдуразаков Арман Уразбаевич

м.ғ.д., профессор, травматолог-ортопед

abdurazakov@mail.ru

Избагамбетов Нурсултан Амангосович

м.ғ.д., доцент, онколог

almaty.onco@mail.ru

Искаков Сабит Куандыкович

м.ғ.м., оқытушы, эндоскопист

Sabitdok@mail.ru

Жұмабеков Әуесхан Төлегенұлы

м.ғ.д., профессор, ҚДСЖМ” ҚМУ клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры, хирург

a.dzhumabekov@ksph.kz

Умешов Абдисабыр

м.ғ.д., профессор, балалар хирург

Қалиева Салима Сыздыққызы

м.ғ.к., доцент, жалпы хирург

senora.salima@gmail.com

Жанбырбаев Сұлтан Жанбырбайұлы

м.ғ.м., аға оқытушы, хирург, торакальды хирург

sultan_zhan1974@mail.ru

Койчуманов Асхат Куатович

Оқытушы, травматолог-ортопед

Турсынбаев Серик Еришевич

м.ғ.д., профессор, қан тамырлары хирург

serik.tursynbaev@mail.ru

Абдуразаков Уразбай Абдуразакович

м.ғ.д., профессор, травматолог-ортопед

urazabdu@mail.ru

Куатбеков Кайрат Ниеталиевич

м.ғ.д., доцент, кардиохирург

k.kuatbekov@mail.ru

Артықбаев Әділбек Жәнібекұлы

м.ғ.м., аға оқытушы, хирург

artykbaeff@mail.ru

Close Menu