Cеріктестік

1999 жылы Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы арасындағы үкіметаралық келісімге сәйкес, Халықаралық Даму Америкалық Агенттігі (USAID) және Американдық Халықаралық денсаулық сақтау одағының (АІНА) қаржылай қолдауымен Вирджиния штаты Достастық Университеті (VCU) және Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі (ҚДСЖМ) арасында үш жылдық ынтымақтастық басталды.

Ынтымақтастық шеңберінде Вирджиния Достастық университетінің (АҚШ) профессорлары ҚДСЖМ профессорлық-оқытушы құрамы үшін Денсаулық сақтау менеджменті және саясаты, Экономика және қаржы менеджменті, Денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу, Шешімдерді қабылдау және стратегиялық жоспарлау, Қоршаған орта гигиенасы, Эпидемиология және статистика бойынша екі апталық семинарлар сериясын ұйымдастырып өткізді. «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» мен «Гигиена және эпидемиология» кафедралары ынтымақтастық пен өзара әрекеттесудің басым бағытына айналды.

Вирджиния университеті әріптестерінің ұсынымдарына сәйкес, Қоғамдық Денсаулық сақтау магистрі дәрежесін алу үшін денсаулық сақтау саласының мамандарын ұзақ мерзімді даярлау бағдарламалары әзірленді. Бұдан бөлек, ҚДСЖМ мұғалімдері Денсаулық сақтауды басқару департаментінің қызметімен, қашықтықтан оқыту бағдарламаларымен танысты. ҚДСЖМ-ның «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» және «Денсаулық сақтау экономикасы» кафедрларының қызметкерлері «Денсаулық сақтаудағы менеджмент», «Экономика және қаржы менеджменті» модульдеріне қашықтықтан оқыту бағдарламаларын әзірледі.

Вирджиния Достастық университетімен ұзақ мерзімді ынтымақтастықта болудың нәтижесі – оқу бағдарламаларын, оқыту үдерісін жетілдіру ғана емес, сондай-ақ ҚДСЖМ базасында 3 компьютер сыныбымен, локалдық желімен және Интернетке деген қолжетімділікпен Оқу Ресурстық орталығын құру, Мектепті қоғамдық денсаулық сақтаудың түрлі аспектілері бойынша жаңа әдебиетпен қамтамасыз ету болды.

2000-2003 жылдары Ұлыбританияның өкілдері ҚДСЖМ профессорлық-оқытушы құрамының қатысуымен Қазақстан және Орта Азия елдері Университеттерінен отбасылық медицина оқытушылары үшін Денсаулық сақтау экономикасы және басқару, Денсаулықты нығайту, Эпидемиология және статистика, Қоршаған орта, Тиімді Фармакология, Дәлелді медицина бойынша қысқа мерзімді семинарлар өткізді. 2000 жылы Британ Кеңесімен (British Council) Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ынтымақтастықтың мақсаты – денсаулық сақтау саласының бірінші буынын дамыту және нығайту үшін денсаулық сақтаудағы менеджмент, экономика, эпидемиология мәселелері бойынша қысқа мерзімді семинарлар ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

2002-2003 жылдары ҚДСЖМ жаңа Қазақстан – Сорос Қорымен серіктес болды. Ол «Денсаулықты нығайту» және «Денсаулық экономикасы» пәндері бойынша оқу бағдарламаларын жетілдіру және оқыту корпусын құру үшін гранттар ұсынады, бұл ынтымақтастық аталған салаларда оқу бағдарламаларын дамытудан, жетілдіруден және өткізуден тұрады. Бұл жобаның үйлестірушілері Денсаулықты нығайту және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі А.М.Арингазина және Денсаулық сақтау экономикасы кафедрасының меңгерушіі К.К.Куракбаев болды.
Сондай-ақ, ҚСҚ әріптестік шеңберінде Қашықтықтан оқыту және барлық модульдерді қашықтағы форматқа ауыстыру және электронды тасымалдағыштар тұрақты командасын құруға бастамашылық жасалды. Білім беру жобалары және гранттарымен қатар, ҚСҚ қолдауымен ҚДСЖМ жас қызметкерлері Италия, Дания, Израильдегі беделді халықаралық жоғары оқу орындарында магистратурада оқуға мүмкіндік алды, сондай-ақ шетелде әр түрлі қысқа мерзімді тренингтар және семинарлардан мамандандырылған даярлықтан өте алды.
2002-2003жж. ҚДСЖМ базасында «Орта Азия елдері үшін Тамақтану Қауіпсіздігі саласындағы қоғамдық денсаулық сақтау бойынша бастама» атты Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы Еуропалық бюросының жобасы жүзеге асырылды. Жоба қоғамдық денсаулық сақтау саласының мамандары, сондай-ақ 5 республиканың (Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан) Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері үшін «Тамақтану Заңнамасы», «Микробиология», «Тамақтан болатын аурулар эпидемиологиясы», «Тамақ өнімдерінің химиялық ластануы», «ХАССП» тақырыптары бойынша бес семинар өткізуден тұрды. Семинарлар ДДҰ серіктестерімен бірге өткізілді: БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы (ФАО), Кантоналды Зертхана, Кантон Тичино (Швейцария), Сион университеті (Швейцария), Химиялық және Ветеринарлық бақылау зертханасы, Мюнстер (Германия). Бағдарлама аяқталған соң Мектеп азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Оқу орталығын құрды. Жоба туралы толық ақпаратты Қоршаған ортаны және Денсаулықты қорғау Еуропалық орталығының және ДДҰ ЕӨБ Рим бөлімшесі парақшаларынан ала аласыздар.

Даму мақсатында денсаулық сақтау саласындағы зерттеулер бойынша кеңес (COHRED) пен ҚДСЖМ  арасындағы келісімге сәйкес, 2005 жылғы тамыз айынан бастап наурыз айына дейін «Халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында ғылыми зерттеулерді пайдалану үшін ҚДСЖМ әлеуетін нығайту» бірлескен жобасы жүргізілген. Бұл пилоттық жобаның мақсаты – Алматы қаласы және Қазақстанның Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында денсаулық бойынша ғылыми зерттеулер мен денсаулық бейінін әзірлеу болды.

COHRED-ҚДСЖМ ынтымақтастығы жобасының I кезеңдегі міндеттеріне сәйкес, халық денсаулығы және денсаулықты ғылыми зерттеу жүйесі бейіндері есептік құжатта популяциялық денсаулық, денсаулық сақтау жүйесі және еліміздегі денсаулық сақтау саласын ғылыми зерттеуге қысқа шолу жасалды. Бұл шолуда қолда бар ақпарат қолданылды – түрле дереккөздерден таңдалған үш облыстағы (Қарағанды қ., ОҚО, Алматы қ.) екінші статистикалық деректер. Жоба арқылы Қазақстанда денсаулық сақтау облыстық жүйелерінің менеджменті және жоспарлау үдерістерін ақпараттық және ғылыми-негіздемелік қолдау мәселелері бойынша ынтасын арттыру, сондай-ақ қысқа мерзімді міндеттер мен мақсаттарды орындау жоспарланған.
Жұмысты ҚДСЖМ оқытушылары жұмыс тобы мен студенттер орындады. Жобаны жүзеге асыру барысында, студенттер мен оқытушылар халықтың денсаулығының ағымдағы жай-күйі, денсаулық сақтау жүйесі және денсаулықты ғылыми зерттеу жүйесі бойынша зерттеу есептерін жоспарлау, орындау, талдау және қалыптастыру бойынша қажетті білімдер мен машықтар алды. Жобаны іске асыру жоспарының шеңберінде 2006 жылғы наурызда «Қазақстан халқының денсаулығын жақсарту үшін ғылыми зерттеулерді пайдаланудағы жас ғалымдардың әлеуетін нығайту» жобалық жұмысының нәтижелері бойынша біркүндік семинар өткізілді. Семинарға  жергілікті денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың, статистикалық агенттіктердің өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты. COHRED бірге одан әрі ынтымақтастықта болудағы бастамалардың бірі ҚДСЖМ базасында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру бойынша  модуль бағдарламаны әзірлеу ұсынылды.

2003 жылғы наурыз айынан бастап қыркүйек айына дейін ҚДСЖМ Уэльс Бірлескен Корольдігінің Гламорган Университетімен денсаулықты нығайту бойынша білім беру бағдарламаларын жақсарту үшін TACIS жобасы бойынша ынтымақтастықта жұмыс атақарады, соның барысында ҚДСЖМ және Гламорган Университетінің оқытушылары халықаралық тәжірибе алмасты.
2003 жылдың қыркүйек айында TACIS жобасының соңында Орталық Азия және Бірлескен Корольдік елдеріндегі әріптестердің қатысуымен Денсаулықты нығайту бойынша Алғашқы Орталық Азиялық конференция өткізілген болатын. Жоба үйлестірушісі – Денсаулықты нығайту және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі А.М.Арингазина.
⦁ 2004 жылдың сәуірінде ҚДСЖМ IUHPE – Денсаулықты нығайту және Білім беру жөніндегі Халықаралық одағының академиялық институционалдық мүшесі болып сайланды, оның штаб- квартирасы Парижде орналасқан. IUHPE ҚДСЖМ-ның мүдделерін IUHPE Қамқоршылық кеңесінің құрамына жаһандық дауыс беру жолымен кірген қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. А.М.Арингазина ұсынады.
IUHPE Халықаралық ұйымының миссиясы – бүкіл әлемде және оның ішіндегі елдердеденсаулыққа қатысты әділеттілікке қол жеткізу және денсаулықты нығайту болып табылады.
IUHPE келесі мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылады:
⦁ Әлем бойынша және оның ішіндегі елдер арасында халықтың денсаулығына қатысты үлкен әділеттілік;
⦁ Денсаулықтың нығайтудың оңтайлы нәтижелеріне қол жеткізу үшін тиімді альянстар мен серіктестік;
⦁ Денсаулықты нығайту саласындағы жалпыға қолжетімді ғылыми-негізделген және практикалық тәжірибе;
⦁ Денсаулықты тиімді, сапалы нығайту үшін саясатта және практикада жетілу, сонымен қатар
⦁ Денсаулықты нығайту бойынша іс-шаралар өткізуге жеке тұлғалардың, ұйымдардың және елдердің қабілеттілігінің жоғары деңгейі.
IUHPE өз мақсаттарына қол жеткізу үшін келесі міндеттері бар:
⦁ Үкіметтер, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми мекемелер мен жекеменшік сектор тарапынан денсаулықты нығайтуға инвестицияларды арттыру;
⦁ Мемлекет пен ішіндегі елдер арасында денсаулыққа қатысты үлкен әділеттілікке әкелетін ұйымдық, үкіметтік және үкіметаралық саясат пен практиканы кеңейту;
⦁ Халықтың денсаулық анықтаушыларына ықпал ететін ұйымдар мен секторлардың барлық деңгейлерінде саясатты және үкімет практикасын жетілдіру;
⦁ Келісілген этикалық қағидаттар, өзара түсіністік пен құрмет негізіндегі барлық секторлар арасында берік альянстар мен серіктестік қатынастар құру;
⦁ Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін білім және тәжірибемен алмасу, даму бойынша іс-шаралар өткізу;
⦁ Денсаулықты нығайту бойынша мамандар арасында, сондай-ақ саясаткерлер, үкімет шенеуніктері және басқа да мақсатты адамдар мен ұйымдар арасында білімді кеңінен тарату;
⦁ Денсаулықты тиімді және сапалы нығайту үшін мықты әрі жалпыға қолжетімді білім базасы;
⦁ Денсаулық пен саулықты нығайтуға ықпалдасатын идеялармен, тәжірибемен және біліммен алмасу тетіктерін жетілдіру;
⦁ Мүшелердің кәсіби өсімі мен өзара қолдауына арналған Жаһандық форум;
⦁ Денсаулықты нығайту және насихаттау бойынша бастамаларды тиімді жүзеге асыру үшін жеке тұлғалар мен ұйымдардың әлеуетін көтеру бойынша мүмкіндіктер.

IUHPE негізгі миссиясы денсаулықты тиімді нығайту, сонымен қатар саламатты мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру қажеттілігін негіздеу болып табылады. Біздің мақсатымыз – денсаулықты нығайту саласындағы білімдерді, стратегияларды және жобаларды әзірлеп енгізуге ықпалдасу болып табылады. Адвокаттау өз миссиясын орындау үшін IUHPE орталықтандырылған стратегияларының бірі болып табылады, өйткені оның жұмыс жасауға әлеуетті үлкен мүмкіндіктері бар.

 

2013 жылғы наурыз айында ҚДСЖМ биомедицина және денсаулық сақтау саласындағы докторлық зерттеулер бойынша (ORPHEUS) Еуропалық ұйымның мүшесі болды. ҚДСЖМ мүдделерін бұл ұйымда Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. А.М.Арингазина таныстырады.
ORPHEUS ұйымының мақсаты:
⦁ ORPHEUS ұйым мүшелерін олардың медицина және жалпы қоғамдағы үлесін арттыру үшін белсенді қолдау;
⦁ ORPHEUS қоғам мүшелері мен Еуропадағы барлық ғылым докторлары арасында ақпаратпен алмасу;
⦁ биомедицина және денсаулық сақтау саласындағы жоғары білім беру және зерттеу бағдарламаларымен, ұлттық, еуропалық және халықаралық деңгейлерде заңнамаға ықпал ету әдістерімен танысу;
⦁ Ұйымның мүшелері арасындағы ынтымақтастықты көтермелеу және ынтымақтастықтың екіжақты және көпжақты желісін дамыту;
⦁ халықаралық ынтымақтастықты дамыту және докторлық зерттеулерді дамыту;
⦁ биомедицина және денсаулық сақтау саласындағы докторлық зерттеулерді үйлестіру;
⦁ Еуропада докторлық дәреже алуға кандидаттардың академиялық ұтқырлығын және профессорларды қолдау;
⦁ PhD саласындағы сапалы зерттеулерге және білімге, әсіресе биомедицина және денсаулық сақтау саласындағы докторлық зерттеулерді аккредиттеу процесін дамытуға үлкен қолдау көрсету.
2009 жылдан бастап 2015 жыл аралығында шетелде магистратураны аяқтап келген ҚДСЖМ оқытушыларын қаржылық және техникалық қолдау бойынша Ашық Сорос Қоры қоғамы (OSI) институтымен Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы  Academic Fellowship Program (AFP) жобьасы бойынша жұмыс жасады. Осы кезең ішінде ҚДСЖМ-да шеберлік класстар өткізу үшін шетел серіктестерінің келуі және шетелдік конференциялар мен семинарларға қатысу үшін демеушілік қолдау көрсетілді. Жоба үйлестірушілері: АҚШ Колумбия Университетінің профессоры Джон Аллегранте және Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. А.М.Арингазина.

2013 жылғы 23 шілдеден бастап 2 тамыз аралығында GSM Барселонада «Денсаулық сақтау менеджменті»: медицина және фармациядағы жаңа технологиялар мамандығы бойынша көшпелі семинар өткізілді. 2013 жылғы 30 сәуірде ҚДСЖМ және Graduate school of Management inBarcelona (Испания) студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығы, академиялық бағдарламаларды жоспарлау және іске асыру, халықаралық іс-шараларға қатысу және ғылыми-зерттеу жобаларының шеңберінде ынтымақтасуды қоса білім беру және зерттеу саласында университеттер арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Семинарға 30 денсаулық сақтау менеджерi мен менеджмент оқытушылары  қатысты. ҚДСЖМ тарапынан жауапты тұлғалар: «Денсаулық сақтау экономикасы және басқару» кафедрасының меңгерушісі Е.Л. Степкина және стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы Ж.М.Утепбергенова болды.

2015 жылдың 27 желтоқсаны – медицина саласындағы ынтымақтастықты күшейту мақсатында АҚШ, Миссури штаты, Сент-Луиск университетінің Ортопедиялық хирургия департаментімен келісімге қол қойылды;
2015 жылдың 28 желтоқсаны – Израиль, Хайфа CarmelMC Халықаралық медицина орталығымен келісім жасалды;
2015 жылдың 28 желтоқсаны – Литва Республикасы, Клайпеда қ. Клайпеда университетімен білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандум жасалды;
2015 жылдың 30 желтоқсаны – Италия, Милан қ. Боккони Менеджмент мектебімен Меморандум жасалды;
2016 жылдың 29 ақпаны – Оңтүстік Корея, Тэгу қ. Кёнбук Университеттік клиникасымен келісім жасалды;
2016 жылдың 29 ақпаны – Финляндия, Лахти қ. Лахти Қосымша ғылымдар университетімен келісім:
2016 жылдың 11 сәуірі– Финляндия, Ювяскюля қ. JAMK Қосымша ғылымдар университетімен келісім;
2016 жылдың 10 қазаны – Үндістан, Гургаон қ. Үндістан Қоғамдық денсаулық сақтау қорымен келісім;
2017 жылдың 20 маусымы – Өзбекстан, Ташкент қ. Ташкент дәрігерлердің біліктілігін арттыру институтымен келісім;
2017 жылдың 15 мамыры – Тәжікстан, Душанбе қ. Тәжік ұлттық университетімен келісім;
2017 жылдың 15 маусымы – Тәжікстан, Душанбе қ. «Отбасылық медицина Республикалық оқу-клиникалық орталығы» мемлекеттік мекемесімен келісім;
2017 жылдың 15 қарашасы – Тәжікстан, Душанбе қ. Абуали ибни Сино атындағы Тәжік Мемлекеттік медицина университетімен келісім;
⦁ 2017 жылдың қыркүйегінде Университет Венгрия, Будапешт қ. Мемлекеттік онкология институтымен ынтымақтастық туралы келісім жасады;
⦁ 2018 жылдың 23 шілдесінде Малайзияның Халықаралық колледжімен бірлесіп Малайзияның Халықаралық медицина универститеті және С.Ж. Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық унисерситеті, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті» ЖШС және Астана қ. «Оқу-клиникалық орталығы» ЖШС арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

⦁ 2018 жылдың 12 қазаны – Қытай, Шэньчжэнь қ. «Бір бағыт – бір жол» Халықаралық ынтымақтастық қауымдастығымен келісім жасалды.
⦁ 2019 жылдың 29 сәуірі – ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қырғыстан, Бішкек қ. «Халықаралық Медицина жоғары мектебі» ұйымымен Меморандумға қол қойылды.
⦁ 2019 жылдың 29 сәуірі – «ҚДСЖМ» ҚМУ Қырғыстан, Бішкек қ. «Қырғыз-Ресей Славян университеті» Жоғары кәсіби білім беру Мемлекеттік мекемесімен келісімге қол қойылды.
⦁ 2019 жылдың 3 мамыры – Қырғыстан, Бішкек қ., И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясымен келісім жасалды.
⦁ 2019 жылдың 27 мамыры – халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында «ҚДСЖМ» ҚМУ стратегиялық серіктесі болып табылатын Қытай, Шэньчжэнь қ., Шэньчжэн университетімен/Shenzhen University (SZU) келісімге қол қойылды.

Негізін қалаған күннен бастап 24 жыл бойы Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасайды.
Профессор, м.ғ.д. М.К.Кульжанов 2000 – 2004жж., 2012 – 2016жж. ДДҰ Атқарушылық комитетінің мүшесі болып сайланды.
Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. А.М.Арингазина ДДҰ Бас директоры Маргарет Ченнің шақыртуымен 2009 жылдан бастап 2013 жыл аралығында денсаулықты нығайту бойынша ДДҰ Консультативтік Сараптамалық комиссиясының мүшесі болып сайланды. Денсаулық сақтау саясаты және денсаулықты нығайту бойынша ДДҰ бағдарламалық құжаттарын әзірлеу жұмыстарына қатысқан.
«ҚДСЖМ» ҚМУ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеу жобаларына тұрақты түрде қатысып тұрады.

Қазіргі уақытта «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті әлемдегі ең ірі ЖОО-лармен, клиникалармен және қоғамдық денсаулық сақтау қорларымен серіктестікте.