Ғылыми-педагогикалық магистратура «6М110100 – Медицина»

Ғылыми-педагогикалық магистратура терең ғылыми және педагогикалық даярлығы бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми-зерттеу секторы үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырады.

Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертациясын қорғаған тұлғаларға 6М110100 – «Медицина» мамандығы бойынша «медицина ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

Магистратура түлектерінің кәсіби қызметінің объектілері: – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылым ұйымдары, денсаулық сақтауды басқару органдары және денсаулық сақтау ұйымдары болып табылады.

 

6М110100 – «Медицина» мамандығы бойынша магистратура түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

– педагогикалық (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары);

–  ғылыми-зерттеу (ғылым ұйымдарының қызметкерлері);

– әкімшілік-басқару (денсаулық сақтауды басқару органдарының мамандары және денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік-басқару персоналы);

–  аналитикалық (ақпараттық-талдау орталықтарының қызметкерлері);

– сараптамалық-консультативтік (Денсаулық сақтау ұйымдарындағы сарапшылар, кеңесшілер).

 

«Медицина ғылымдарының магистрлерін» даярлаудың білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері:

– толық және сапалы ғылыми және педагогикалық білім алу, қәсіби құзыреттілік, нақты медицина саласында магистранттардың теориялық және практикалық жеке дайындығын тереңдету;

– білім алушыларда өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қабілетін, олардың белсенді өмір сүру барысында жаңа білімдерді өздігінен шығармашылық меңгерудің қажеттілігі мен дағдыларын қалыптастыру;

– азаматтық ұстанымы бар қазіргі ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдауға және шешуге, жоғары оқу орындарында сабақ беруге қабілетті, кәсіби қарым-қатынас мәдениеті бар жоғары кәсіби деңгейілі мамандарды даярлау, зерттеу және басқару қызметін жүзеге асыру;

– магистранттарды ғылым тоғысындағы нақты дамып келе жатқан әлемде кәсіби ұтқырлыққа кепілдік беретін іргелі біліммен қамтамасыз ету;

– ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын меңгеру, докторантурада ғылыми жұмысты жалғастыру үшін қажетті бөлім алу;

– ЖОО педагогикасы мен психологиясы саласында қажетті білім минимумын және ЖОО-да оқыту тәжірибесін алу.

Магистратураның білім беру бағдарламасы келесіні қамтиды:

– базалық және кәсіби пәндерді оқытуды қамтитын теориялық оқыту;

– кәсіби практика;

– магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы – ғылыми-педагогикалық магистратура үшін;

– аралық және қорытынды аттестаттау.

Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасы практиканың екі түрін қамтиды:

– педагогикалық;

– зерттеу.

Педагогикалық практика практикалық дағдыларды және оқыту әдістемесін қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Педагогикалық практика теориялық оқыту кезеңінде оқу процесінен қол үзбей жүргізілуі мүмкін.

Магистранттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерімен танысу, эксперименталды мәліметтерді өңдеу және интерпретациялау мақсатында жүргізіледі.

Педагогикалық практиканы өткізу орны жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары болып табылады. Зерттеу практикасын өткізу орны Денсаулық сақтау ұйымдары және ғылым ұйымдары болып табылады.

Ғылыми-педагогикалық магистратурадағы ғылыми-зерттеу жұмысы:

– магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблематикасына сәйкес келуі;

– өзекті болу, ғылыми жаңалықты және практикалық маңыздылығын қамтамасыз етуі;

– ғылым мен тәжірибенің заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі;

– ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдану арқылы орындалуы;

– негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерді қамтуы;

– тиісті білім саласындағы озық халықаралық тәжірибеге сүйенуі тиіс.

 

Магистратура түлектерінің іргелі ғылыми және кәсіби дайындығына, ғылыми ақпаратқа ие болуы, өңдеу және сақтау әдістерін қоса алғанда, заманауи ақпараттық технологияларды меңгеруі, заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді қалыптастыра және шеше білуі, таңдаған ғылыми мамандық бойынша эксперименталды-зерттеу/ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлау және жүргізе білуі, жоғары оқу орындарында сабақ бере білуі, зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыруы тиіс.

 

«6М110100-Медицина» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандартында негізделеді.

 

Оқу түрі – оқытудың ғылыми-педагогикалық бағдарламасы-күндізгі.