Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратура, 2 жыл

Ғылыми және педагогикалық магистратура денсаулық сақтау саласында тереңдетілген ғылыми және педагогикалық даярлықты игерген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне және ғылыми-зерттеу секторына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі даярлықтың білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламаларын игерген және магистрлік диссертация қорғаған тұлғаларға “Медицина ғылымдарының магистрі” академиялық дәрежесі беріледі.

Магистратура түлектерінің кәсіптік қызметінің нысандары болып төмендегілер саналады:

– жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;

– ғылыми ұйымдар;

– денсаулық сақтауды басқару органдары, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары.

Кәсіптік қызметтер түрлері:

-педагогикалық (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары);

-ғылыми-зерттеу (ғылыми ұйымдарының қызметкерлері);

-әкімшілік-басқару (денсаулық сақтауды басқару органдарының мамандары және денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік-басқару қызметкерлер құрамы);

– аналитикалық (ақпараттық- аналитикалық орталық қызметкерлері);

– сараптамалық-консультациялық (денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының сарапшылары, консультанттары).

– санитарлық-ағартушылық және індетке қарсы (денсаулықты күшейту мен аурушаңдықтың алдыналу бойынша мамандар).

 

Магистратураның білім беру бағдарламасына мыналар жатады:

– базалық және бейінделген пәндерді біліп зерттеуді қамтитын теориялық оқу;

– кәсіби (педагогикалық, зерттеу) практика;

– магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы.

Теориялық оқу міндетті компоненттер мен таңдау компонентіне (элективтік пәндер) бөлінетін базалық және бейінделген пәндерді қамтиды.

 

Ғылыми және педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасы практиканың екі түрін қамтиды:

– педагогикалық (мақсаты – практикалық дағдылар мен білім беру әдістемелерін қалыптастыру);

– зерттеу(мақсаты–ғылымның отандық және шетелдік жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістемелерімен танысу, тәжірибелі деректерді өңдеу және түсіндіре білу).

Ғылыми-зерттеу жұмысы:

– қорғалатын магистрлік диссертация мамандықтың негізгі мәселенамасына сәйкес жүргізіледі;

– өзектілігі, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы болу керек;

– ғылым мен практиканың теориялық, әдістемелік және технологиялық заманауи жетістіктеріне негізделуі керек;

– ғылыми зерттеудің заманауи әдістерін қолдана отырып орындалуы керек;

– негізгі қорғалатын жағдайлар жайында ғылыми-зерттеу(әдістемелік, практикалық) тараулары болу керек;

– сәйкес білім саласындағы озық халықаралық тәжірибеге негізденуі керек.

Білім беру бағдарламасы 6М110200-Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға міндетті білім беру Стандартына негізделеді.

Оқудың толық курсын аяқтаған магистратура түлегінің негізгі, ғылыми және кәсіби даярлығы бар болады, ол ғылыми ақпаратты алу, өңдеу және сақтау әдістемесін қамтитын заманауи ақпараттық технологияларды игереді, заманауиғылыми және практикалық проблемаларды тұжырымдай және шеше алады, таңдаған ғылыми мамандығы бойынша тәжірибелік-зерттеу/ғылыми-зерттеу қызметін жүргізе алады, жоғарғы оқу орнында сабақ бере алады, зерттеу және басқарушылық қызметті іске асыра алады.

Магистратура түлектерінің кәсіптік қызметінің нысандары медициналық жоғары оқу орындары, колледждер, денсаулық сақтауды басқару органдары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, денсаулық сақтау және әлеуметтік саланың мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелері мен кәсіпорындары болып табылады. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі әртүрлі дәрежедегі басшы ретінде ОДА менеджерінен бастап ҚР ДСМ мен үкіметі жүйесіндегі ең жоғарғы дәрежеге дейін, халықтың белгілі топтарын әлеуметтік қорғау қызметі мен қолдау қорында, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшысы, жеке меншіктің барлық түріндегі емдеу-профилактикалық мекемелер басшысы, қоғамдық денсаулық сақтау негізін жетілдіретін ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғылыми қызметкер, осыған сәйкес бейінде орта және жоғары оқу орындарда оқытушы болып жұмыс істей алады.

Білім алуды жалғастыру мүмкіндігі. Магистрлік білім беру бағдарламаларын сәтті меңгерген түлектер “6D110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығы бойынша докторантурада оқуға дайын.

Джо Асвалл атындағы стипендия. ҚДСЖМ магистранттарын қолдау бағдарламасы оқуда үздік нәтижелер көрсеткен, мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысқан, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын магистранттарды көтермелеу және қолдауға бағытталған. Бағдарлама ҚДСЖМ бюджеттен тыс қаражатынан қаржыландырады. Атаулы стипендиялар конкурстық негізде беріледі. Сіз атаулы степендия туралы ереже мен үміткер сауалнамасымен таныса аласыз.

Қабылдау ережелері. Сілтемелер бойынша файлдарды шығарып алып, сіз Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының магистратураға қабылдаудың типтік ережелері мен құжаттар тізбесімен таныса аласыз.

Оқу түрі – ғылыми-педагогикалық оқу бағдарламасы – күндізгі;