Қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік ғылымдар

Қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік ғылымдар кафедрасы бастапқы атауы «Денсаулықты нығайту және әлеуметтік ғылымдар» 1998 жылы құрылды. Келесі жылдары қызметтің кеңею салдарынан «Денсаулық сақтау саясаты және басқару», «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасы болды.

Кафедраның негізгі бағыттары – қоғам денсаулығы және қоғамдық денсаулық сақтау, денсаулықты нығайту, қоғамдық денсаулық  сақтау саясаты, аурулардың алдын алуы, биоэтика, басқару психологиясы, ғылыми зерттеулер саласында оқу-білім беру, ғылыми-зерттеу, консалтингтік және эксперттік қызмет болып табылады.

ҚДСӘҒ кафедрасы ұзақ мерзімді бағдарламалары  (магистратура және PhD докторантурасы), қысқа мерзімді курстар және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша қайта даярлау және қашықтан дайындау бойынша оқыту жүргізеді.

E-mail: altyn@ksph.kz

Арингазина Алтын Муафиковна – кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы;

Толығырақ
    • 2009 жылдан бастап ДДСҰ денсаулықты нығайту бойынша Сараптау Консультативтік Комиссиясының мүшесі;
    • 2014 жылдан бастап APHEA – Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша білім беру бағдарламаларының аккредиттеуі бойынша агенттіктің сарапшысы;

    Келесі Халықаралық ұйымдардың мүшесі:

    • Қамқоршылық кеңесі және IUHPE Денсаулықты сақтау және білім беру бойынша Халықаралық одақтың Еуропалық комитеті (Франция);
    • EUPHA – Еуропалық қоғамдық денсаулық сақтау қауымдастығы;
    • AHLA – Медициналық сауаттылық бойынша Азия қауымдастығының Атқарушы Комитеті;
    • «Health Promotion International» Оксфорд журналының Редакциялық кеңесі;
    • “Global Health Promotion” журналының рецензенті (Франция);
    • Гранттық өтінімдерді жыне ғылыми мақалаларды дайындау бойынша консультант.

    ҚР ДСМ денсаулық сақтау саясаты саласында бағдарламалық жасақтаманы, қоғамдық денсаулық сақтау бойынша оқу бағдарламаларын жасау, «Қоғамдық денсаулық сақтау» бойынша МЖОС және МҚБС өңдеу бойынша жұмыс топтарының мүшесі.

    Медицина ғылымдарының докторы Арингазина А.М. Еуропа, АҚШ, Австралияның ғылыми орталықтарымен бірлесіп белсенді қызмет етеді, халықаралық жобаларды басқаруда үлкен тәжірибесі бар, ДДСҰ Еуропалық аймағында және ғаламдық деңгейде денсаулық сақтау саясаты бойынша бастамаларында, ДДСҰ бағдарламалық құжаттарын жасауда қатысады. ДДСҰ сарапшысы ретінде Швейцария, Үндістан, Кения, Оман Сұлтандығында техникалық мәжілістердің жұмысында қатысты. Рецензияланатын журналда жарияланған дәйексөз алынатын ғылыми еңбектері бар.

    Алты монографияның, үш оқу-әдістемелік құралдың авторы, «Балалар денсаулығы энциклопедиясы» авторларының бірі. Ғылыми комитеттің мүшесі ретінде Дүниежүзілік және Еуропа конференцияларының жұмысында белсенді қатысады, секциялар төрайымы, шақырылатын баяндаушы. 2010-2011 жж. Нью-Йорк қаласындағы Колумбия Университетінде Фулбрайт бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізді, АҚШ университеттерінде дәріс оқыды.

    М.ғ.д. Арингазина А.М. қоғам денсаулығы және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша ұлттық және шетелдік университеттерінің студенттері үшін вебинарлар мен мастер-кластар жүргізеді, Норвегияның Берген Университеті докторанттарының сыртқы рецензенті болып табылады.

    Жетістіктері, марапаттары

    • АҚШ Ұлттық денсаулық институтының гранты, Фогарти бағдарламасы –эпидемиология мен биостатистиканы зерделеу, АҚШ Олбани Университеті, 2014 тамыз – желтоқсаны;
    • АҚШ Мемлекеттік департаменті гранты, Фулбрайт бағдарламасы – АҚШ, Нью-Йорктың Колумбия Университетінде докторлықтан кейінгі зерттеу, 2010-2011;
    • ДДСҰ Сараптау Консультативтік Комиссиясына сайлау, 2009 ж. бастап сарапшы;
    • Денсаулық пен білімді нығайту бойынша Халықаралық одақтың Ғаламдық мүшелілігіне (IUHPE) сайлау – Қамқоршылық кеңестің және басқарманың мүшесі, 2007-2013, Франция
    • 2005 ж. бастап ДДСҰ кеңесшісі
    • ДДСҰ Гранты, Эстония денсаулықты нығайту орталығы, Денсаулықты нығайту бойынша бағдарлама, Таллинн, 2003
    • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі

    Халықаралық жобалардың үйлестірушісі және негізгі зерттеушісі:

    • 2000-2001 – Қазақстан мен АҚШ әйелдері арасында сүт безін зерделеу бойынша зерттеу және скрининг жүргізу — ҚДСЖМ және VCU (Вирджини достастығы Университеті, Ричмонд, АҚШ
    • 2002 – Денсаулықты ғаламдық зерттеу – ДДСҰ
    • 2001 – 2002 — Туберкулездің алдын алуы бойынша HOPE ( USAID )
    • 2003 – TACIS — ҚДСЖМ және Гламорган Университеті, Уэльс, Денсаулықты нығайту бойынша оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша Біріккен корольдік
    • 2003-2005 – OSI– Қазақстан, ҚДСЖМ және Оқу үдерісін жақсарту бойынша Оңтүстік Дания Университет (SDU)
    • 2005 – Еуропалық жоба – HP.Source.net
    • 2005 – 2007 – ОАА және Кавказда Денсаулық әлеуетін картаға түсіру бойынша Еуропалық жоба
      IUHPE Бас Ассамблеясында қатысу, IUHPE Аймақтық комитетінің Басқармасына және мүшелігіне сайлау — Австралия, 2004; Канада, 2007; Швейцария, 2010; Таиланд, 2013
    • 2005 – осы уақытқа дейін — WHO (ДДСҰ) бірге жобалар
    • 2009 – осы уақытқа дейін — AFP – OSI дамыту бойынша шетелдік жОО бітірушілеріне арналған жоба
    • 2012 – 2013 — антибиотиктерге төзімділік бойынша CDC жобасы
    • 2013-2014 – EU- Asia – фаза 1 медициналық сауаттылық бойынша жоба
    • 2016 – фаза 2 медициналық сауаттылық бойынша жоба – Тайбэй медицина университеті, Тайвань

    Басым ғылыми мүдделері: жаңа қоғамдық денсаулық сақтау, денсаулық сақтау саясаты, халықаралық денсаулық сақтау, денсаулықты нығайту, эпидемиология, денсаулық сақтау теориясы және үлгілері, денсаулықтың әлеуметтік детерминанттары, денсаулыққа әсер етуді бағалау, денсаулықты нығайту бойынша бағдарламаларды жоспарлау.

    Тілдерді меңгеру:

    Ағылшын – еркін
    Орыс – еркін
    Қазақ – ана тілі

E-mail: G.Kausova@ksph.kz

Каусова Галина Калиевна – кафедра профессоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор;

Толығырақ

ҚР-да мынадай жобалар өңдеушілерінің бірі:

«2010 жылға дейін Қазақстан Республикасында медициналық ғылымды дамыту стратегиясы»,
«Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесі туралы» Заңы,
«2005-2010 жылға дейін Қазақстан Республикасында медициналық ғылымды дамыту тұжырымдамасы» (2001).
Бірқатар заң құжаттарының жобаларын өңдеуде, «2005-2010 жылдарға Денсаулықты сақтау саласын реформалау және дамыту мемлекеттік бағдарламасына», «ҚР азаматтарының денсаулығын сақтау туралы» ҚР Заңына, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің жобасына және басқа директикалық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуде белсенді қатысты.

Г.К. Каусова 300-ден астам ғылыми жұмыс жариялады, бірлескен авторлармен бірге «Қоғам денсаулығы және денсаулық сақтау саласының негізгі ұғымдардың жиынтық тізімі» анықтамалық құрал дайындалды (2001ж.).

«Қоғам денсаулығы және денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистрант пен докторанттардың түрлі дипломдық диссертациялардың ғылыми басқарушысы болып табылады. Қорғалған білім алушылар ҚР ЖОО-да және денсаулық сақтау басқармасының ұйымдарында қызмет етеді. Халықаралық ғылыми съездерде, конференцияларда баяндамалар ұсынады, медициналық-әлеуметтік сараптама және оңалту мәселесі бойынша модульдер жүргізеді.ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі. Басым ғылыми мүдделері: медициналық-әлеуметтік сараптама, медициналық-әлеуметтік оңалту, қоғам денсаулығы және денсаулық сақтау, кардиология, заңнама, паллиативтік медицина.

Слажнёва Татьяна Ивановна – кафедра профессоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша жоғары білікті дәрежелі, «Қоршаған орта және денсаулық» секциясы бойынша Халықаралық экология, адам және табиғат қауіпсіздігі ғылымдары академиясының (ХЭҚҒА) академигі, Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі (медициналық география секциясы);

Толығырақ

Келесі құжаттарды дайындауда қатысты:

Қазақстан 2030 Даму стратегиясында демографиялық саясат және денсаулық сақтау бөлімдері;

Қазақстан Республикасының демографиялық даму бағдарламасы;

2008-2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» бағдарламасы;

2005-2010 жылдарға арналған «Реформалау және даму», 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік бағдарламалары;

2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында егде адамдардың жағдайын жақсарту бойынша Ұлттық шаралар жоспары;

2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы тұрғындарының репродуктивтік денсаулығын қорғау бойынша стратегия.

Қазақстан Республикасының ауыл тұрғындарының және 12-18 жас аралығындағы оқушыларды медициналық тексеру, динамикалық бақылау және сауықтыру бағдарламасын және ҚР тұрғындарының скринингтік зерттеулерін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша Республикалық жұмыс тобының мүшесі.

Негізгі жұмыс бағыттары:

Павлодар облысында жүзеге асырылатын және 1990 жылы Юнесконың «Адам және биосфера» Комитетінің пилоттық жобасы ретінде танылған қоршаған ортаны сауықтыру және Қазақстан халқының денсаулығын нығайту бойынша «Профилактика» кешенді салааралық бағдарламасын дайындау.

Т.И. Слажнёваның басқаруымен келесі шаралар жүзеге асырылды:

Павлодар және Жезқазған облыстары тұрғындарының денсаулығына Семей ядролық сынақ полигонының әсерін зерттеу.

Қазақстан Республикасының түрлі аймақтарында халық денсаулығының жағдайына қоршаған орта факторларының әсер ету қауіпін бағалау бойынша зерттеулер және сауықтыру бағдарламаларын (Арал аймағы, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Павлодар облысы, «Тенгизшевройл» Компаниясының, Өскемен қ. қызметі аймағында) әзірлеу орындалды.

«Байқоныр» космодромынан тасығыш-зымырандарды ұшырудың халық денсаулығына тиетін әсерін болжамдау үлгісін жасау;

Қазақстан Республикасының тұрақты даму көрсеткіштерінің (мақсатты көрсеткіштердің) жүйесін жасау және дәлелдеу.

1996 жылдан бастап 2012 жылға дейін Т.И.Слажнёваның басқаруымен бір топ ғалым АҚШ-тың бірқатар кмпанияларымен (оның ішінде campdresser&mckee, Inc., shareinternational, Inc. және т.б.) бірге қазақстандық балалардың қорғасынмен улану қауіпін бағалау және төмендету бойынша бірлескен жобада қатысты.

1999 жылы бұл жұмыс Колумбия округының Вашингтон қ. Ғылымды дамытуға ықпал ету қауымдастығында ұсынылды және 7 үздік жұмыстың бірі болып атанды.

ҚР-да салауатты өмір салтын (СӨС) қалыптастыру қызметін дамытуда қатысу:

СӨС Ұлттық саясатын өңдеу, әлеуметтік-маңызды аурулардың 11 түрін ерте анықтауына және профилактикасына, денсаулық сақтау саласының бастапқы буынында профилактикалық жұмысты күшейтуге, кадрларды даярлауға, салауатты өмір салты және профилактика үдерістерін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді жетілдіруге, негізгі қауіп факторларына жүргізілетін ұлттық мониторингті енгізуге бағытталған Ұлттық скринингтік бағдарламаны енгізу (2001 жылдан бастап). Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, Ауруларды бақылау орталықтарымен (CDC) бірге жастардың репродуктивтік денсаулығы туралы сауалнама жүргізу сияқты Қазақстанда бірлескен ғылыми және практикалық жобаларды енгізуде қатысу; Темекіні шегу бойынша ересектер мен жастарды ғаламдық зерттеу (GATS, GYTS); Балалардың семіруін қадағалау бойынша ДДСҰ бастамасы(COSI); «Мектеп жасындағы балалар денсаулығының тәртібі» (HBSC).

Т.И. Слажнева ғылыми кадрларды даярлаумен белсенді айналысады, оның басқаруымен 10 докторлық, 15 кандидаттық диссертация қорғалды. Ол 300-ден астам ғылыми жұмыс, оның ішінде 18 монография шығарды. ТМД елдерінде және алыс шет елдерде (АҚШ, Дания) ғылыми баяндамалар жасады.

Ірі жұмыстарының ішінде: «Ядролық сынақтар және Қазақстан Республикасы аймақтары тұрғындарының денсаулығы». Алматы, 2000 (200 б). «Өнеркәсіптік қалада медициналық-экологиялық жағдайды басқаруға жүйелік шаралар». Алматы, 2001 (380 б), «Түсті металлургия кәсіпорындарын жобалау үдерісіндегі экологиялық баға», Алматы, 2002 (192 б), «Көмір қазатын кәсіпорындарда экологиялық аудитті жүргізудің ғылыми және практикалық аспектілері», Алматы, 2002 (450 б), «Қоғам денсаулығының гигиеналық факторларын ғылыми басқару негіздері», Алматы, 2003 (391 б), «Қазақстандағы медициналық-демографиялық жағдай», Алматы, 2004 (126 б), «Ферроқорытпа өндірісінде эклогиялық тәуекелдерді автоматтандырылған басқару», Алматы, 2001 (264 б), «Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік аймақтарындағы гигиеналық тәуекелдердің бағасы», Алматы, 2004 (373б), «Заманауи жағдайдағы медицина ғылымы», Астана -Алматы, 2005ж. (158 б), «Қазақстан халқының жалпы өлімін талдамалық зерттеу», 2006, (96 б), «Жүрек-тамыр ауруларының эпидемиологиясы, қауіп факторларын саралау. Денсаулық сақтау саласының профилактикалық жүйесінің заманауи үлгілері», Алматы, 2008, (170б.),  «Қазақстан Республикасында салауатты өмір салтын қалыптастыру саясаты: қалыптасу және даму», 2010 (170 б.), «Қазақстанның тұрақты даму көрсеткіштері мен индикаторлары. Тұрақты Даму бойынша Үшінші Дүниежүзілік Саммиттің алдынан шығу», 2011 (250 б.), «Мектеп жасындағы балалардың тәртіптік факторларының және өмір салтының таралушылығының жүйесін құруға нұсқаулық», 2016 ж. (418 б.), «Қазақстан Республикасында жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік тәртібін және денсаулықтың негізгі қауіп факторларының эпидемиологиялық мониторингін жүргізу», 2017 (161 б.) монографиялары бар.

E-mail: t.popova@ksph.kz

Попова Татьяна Владимировна – кафедра профессоры

Толығырақ

ҚДСЖМ-да 2006ж. бастап жұмыс істейді.

Басым ғылыми мүдделері: медициналық-әлеуметтік сараптама, медициналық-әлеуметтік оңалту, қоғам денсаулығы және денсаулық сақтау, медициналық экология

E-mail: n.aitambayeva@ksph.kz

Искакова Надира Нурбековна – кафедра аға оқытушысы, медицина ғылымдарының магистрі;

Толығырақ

«ҚДСЖМ»ҚМУ «Қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасында 2015ж. бастап жұмыс істейді.

14-тен астам мақаланың және 2 ғылыми жұмыстың авторы, кафедраның оқу бөлімінің меңгерушісі.

Басым ғылыми және кәсіби мүдделері, жетістіктері: ҚР-да әлеуметтік жұмыс негіздері, денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алуы.

E-mail: l.nazarova@ksph.kz

Назарова Ляйля Заурбеккызы – кафедра оқытушысы, денсаулық сақтау магистрі;

Калел Жан Серикулы – кафедра оқытушысы, денсаулық сақтау магистрі.

E-mail: Halelzhan@mail.ru

Магистратура және докторантура саласындағы білім беру қызметі:

Міндетті компонент (МК):

Магистратура

— «Қоғамдық денсаулық сақтауға кіріспе»

— «Биоэтика негіздері»

— «Денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алуы»

Phd

— «Салауатты қоғам саясаты»

— «Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы зерттеулердің сапалы әдістері»

Магистранттар мен докторанттарға арналған таңдау компоненттері (КВ)

  1. Денсулықты нығайтудың өзекті мәселелері және аурулардың алдын алуы
  2. Әлеуметтік-бағытталған бастапқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту
  3. Балалар мен әйелдерге медициналық көмекті ұйымдастыру
  4. Мектеп медицинасының таңдаулы мәселері
  5. Биоэтика мәселелері
  6. Қоғамдық денсаулық сақтау саласында зерттеу жобаларын басқару
  7. Денсаулықты нығайту технологиялары
  8. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс
  9. Денсаулық психологиясы
  10. Денсаулық пен аурудың социологиясы
  11. Пациентке бағытталған технологиялары
  12. Паллиативтік көмек
  13. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың және оңалтудың заманауи аспектілері
  14. Зерттеудің сапалы әдістері
  15. Грантрайтинг

 

Серіктестігі

  1. Колумбия университеті, Нью-Йорк, АҚШ
  2. Оңтүстік Дания Университеті
  3. Норвегияның Берген Университеті
  4. Огайо Университеті, АҚШ
  5. Тайбэй Медица Университеті, Тайвань;
  6. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы;
  7. Денсаулықты нығайту және білім бойынша халықаралық одақ (IUHPE)- Франция;
  8. ЖИТС, туберкулез және маляриямен күрес жүргізу бойынша ғаламдық қор;
  9. Халықаралық дамыту бойынша АҚШ Агенттігі (USAID);
  10. Ашық қоғам Институты (OSI)
  11. CDC
ҚОҒАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР КАФЕДРАСЫ

Кафедра меңгерушісі: м.ғ.д. Аринғазина Алтын Муафикқызы

Байланыс телефоны: 8 727 337 80 32, ішкі 136, 124

Электронды поштасы: аltyn@ksph.kz

 

«ҚДСЖМ» ҚМУ Астана қаласындағы филиалы

Филиал директоры: Бердиярова Дина Серикбаевна

Байланыс телефоны: 8708 425 31 07

Электронды адресі: filial.ksph@mail.ru

  1. Колумбия университеті, Нью-Йорк, АҚШ
  2. Оңтүстік Дания Университеті
  3. Норвегияның Берген Университеті
  4. Огайо Университеті, АҚШ
  5. Тайбэй Медица Университеті, Тайвань;
  6. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы;
  7. Денсаулықты нығайту және білім бойынша халықаралық одақ (IUHPE)- Франция;
  8. ЖИТС, туберкулез және маляриямен күрес жүргізу бойынша ғаламдық қор;
  9. Халықаралық дамыту бойынша АҚШ Агенттігі
  10. Ашық қоғам Институты (OSI)
  11. CDC

1. д.м.н. Арингазина Алтын Муафиковна

1.1. Арингазина А.М. Введение в общественное здравоохранение. Монография. Алматы – 2013. – 192 с.

1.2. Арингазина А.М. Алкоголь с позиций общественного здравоохранения (состояние проблемы) // Монография. Алматы. – 2004 г. -138 с.

1.3. Арингазина А.М., Егеубаева С.А. Укрепление здоровья: Теория и планирование программ // Алматы. – 2003 г. – 158 с.

1.4. Аканов А.А, Слажнева Т.И., Тулебаев К.А., Арингазина А.М. Энциклопедия здоровья для детей // Энциклопедия. Астана. – 2002 г.

1.5. Аканов А.А., Нурманов К., Арингазина А.М. и др. Общественное здравоохранение: основные подходы и принципы определения и удовлетворения потребностей человека // Алматы. – 2007 г.- 136 с.

1.6. Аканов А.А., Байсеркин Б.С., Арингазина А.М. Биртанов Е.А., Токежанов Б.Т. От индустриального общества к информационному: вызовы для системы здравоохранения Казахстана //Астана-Алматы. – 2005 г. – 176 с.

2. д.м.н. Каусова Галина Калиевна

2.1. Жузжанов О.Т., Каусова Г.К. Реформирование здравоохранения и проблемы инвалидности населения в условиях трансформации общества.- Алматы.- 1999.

2.2. Каусова Г.К. Медико-социальная реабилитация инвалидов в Республике Казахстан. – Алматы. – 2000. – 74с.

2.3. Исаев Д.С., Каусова Г.К., Тажиев Е.Б. Сводный регистр ключевых понятий общественного здоровья и здравоохранения. Учебно-справочное пособие.- Алматы.- 2001.- 136 с.

2.4. Каусова Г.К. Системообразующие понятия в области кардиологии и кардиоревматологии. Учебно-справочное пособие. Алматы. – 2008. – 168с.

3. д.м.н. Попова Татьяна Владимировна

3.1. А.Е.Думбаев, Т.В.Попова. Инвалид, общество и право. Алматы – 2006г.