Эпидемиология, дәлелді медицина және биостатистика

Кафедра Ғылыми кеңестің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі №13 шешімімен «Эпидемиология және тұтынушылар құқығын қорғау» кафедрасын және «Биостатистика, дәлелді медицина және ақпараттық технологиялар» кафдрасын біріктіру жорлымен құрылды. Кафедралар көптеген жылдар бойы магистранттер мен докторанттарды, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін эпидемиологиялық, гигиеналық, статистикалық талдау саласында практикалық денсаулық сақтау мамандарын дайындау бойынша мектеп көшбасшыларының бірі болып табылды. Кафедралардың зор қызметінің бірі – бірде-бір магистрлік және докторлық зерттеу эпидемиология, дәлелді медицина, қоғамдық денсаулық сақтау саласының замнауи әдістерін, әсіресе  докторанттарды (Phd) дайындаған кезде, математикалық-статистикалық талдауды пайдалану бойынша консультацияларынсыз өтпеген. Қазақстанның ЕПҰ көрнекті басқарушылары кафедраның ПОҚ оқушылары болып табылады. 2016-2017 жж. Кафедрада 5 докторлық және 16 магистрлік диссертациялар дайындалуда.

Нурбақыт Ардақ Нурбақытқызы – кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Кипшакбаев Рафаиль Копбосынович – кафедра доценті, медицина ғылымдарының кандидаты, МВА, ISPOR мүшесі

E-mail: g.meshanov@ksph.kz

Мещанов Галымжан Турсунович – кафедра доценттің м.а., медицина ғылымдарының кандидаты;

Толығырақ

2004 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша оқуды аяқтады. 2014 жылы Экономика және құқық академиясын  «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады, Алматы қ.

Жұмыс және ғылымдағы басым бағыттары: гигиена және эпидемиология, еңбек гигиенасы, эпидемиологиялық талдау; биомедициналық статистика деректерін статистикалық өңдеу; құқықтану: медициналық құқық,тұтынушылардың құқығын қорғау.

40-тан астам ғылыми жұмыстың авторы. Денсаулық сақтау саласының 2 менеджерін, медицина ғылымдарының 10 магистрін дайындады. «Денсаулық сақтау менеджменті» бойынша мамандануы бар (864 с.) (2013 ж.).

Жакупова Майя Нурдаулетовна –  аға оқытушысы

E-mail: dinara08888@mail.ru

Маханбеткулова Динара Нургалиевна – кафедра оқытушысы, денсаулық сақтау магистрі;

Толығырақ

Басым ғылыми және кәсіби мүдделері, жетістіктері: қоғамдық денсаулық сақтау, дәлелді медицина, ғылыми зерттеулер әдістемесі.

Мухамедьярова Аймана Талғатқызы – кафедра оқытушысы, медицина ғылымдарының магистрі.

E-mail: a.mukhamedyarova@ksph.kz

Толығырақ

Басым ғылыми және кәсіби мүдделері: эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау, ғылыми зерттеулер әдістемесі, денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алуы.

Матжанова Асылай Аманжановна – кафедра лаборанты

Шапекова Мерей Исамединқызы – кафедра лаборанты

Кафедра қызөметінің негізгі бағыттары ретінде эпидемиология, дәлелді медицина, биомедициналық статистика және ғылыми зерттеулердің деректерін статистикалық өңдеу, ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау саласының ақпараттық жүйелерін, ғылыми зертеулер әдістемесі, ғылыми зерттеулер менеджменті, денсаулық сақтау саласында басқарушылық шешімдерді қабылдау үлгілері мен әдістері саласында оқу-білім беру, ғылыми-зерттеу, консалтингтік және сараптау бағыттар болып табылады.

Магистратура және докторантурадағы білім беру қызметі:

Міндетті компонент (МК):

Магистратура

— «Биостатистика»

— «Клиникалық эпидемиология жәнен дәлелді медицина негіздері»

— «Ғылыми зерттеулердің әдістеме негіздері»

Phd

— «Биостатистика (ілгері курс)»

— «Клиникалық эпидемиология жәнен дәлелді медицина негіздері»

— «Ғылыми зерттеулердің әдістеме негіздері»

Магистранттар мен докторанттарға таңдау бойынша компоненттер (КВ)

 

Эпидемиология, дәлелді медицина және биостатистика кафедрасының біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау бойынша циклдар:

  • Медицина және денсаулық саласындағы статистика (жоғары білімі бар мамандарға арналған)
  • БМСК жүйесінде эпидемиология және гигиенаныңөзекті мәселелері: біріктірілген шара (тапсырыс берушінің базасында қашықтан оқыту компоненті бар)
  • Клиникалық және басқарушылық практикада дәлелді медицина технологиялары
  • Клиникалық және басқарушылық практикада ғылыми зерттеулер менеджменті
  • Дәлелдердің негізінде пациенттердің қауіпсіздігін басқару
  • Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
  • Клиникалық эпидемиология жәнен дәлелді медицина негіздері
  • Емдеу-профилактикалық ұйымдарда медициналық көмек көрсетуімен байланысты инфекциялардын (МКБИ) алдын алу және бақылау
  • Қазақстан Республикасында мектеп медицинасының өзекті мәселелері
  • Қазақстан Республикасында қоғамдық денсаулық сақтау қызметін енгізу жағдайында АИВ-инфекциясының эпидемиясына қарсы тұруды қамтамасыз ету бойынша шараларды ұйымдастыру
  • Эпидемиология, дезинфектология, дезинсекция, дератизация, фумигацияның өзекті мәселелері
  • Кәсіби патологияның өзекті мәселелері
  • Тұтынушылардың құқықтарын қолдау
  • Клиникалық эпидемиология жәнен дәлелді медицина негіздері
  • Емдеу-профилактикалық ұйымдарда медициналық көмек көрсетуімен байланысты инфекциялардын (МКБИ) алдын алу және бақылау
  • Емдеу-профилактикалық ұйымдарда инъекцияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  • Пациентті дайындау, зертханалық зерттеулер үшін биоматериалды алу, сақтау және тасымалдау ережелері
  • Қазақстан Республикасының Емдеу-профилактикалық ұйымдарындағы инфекциялық бақылау
  • Компьютерлік технолгияларды пайдалану арқылы медициналық статистиканы есептеу, бағалау, талдау көрсеткіштері
  • Тұтынушылардың құқықтарын қолдау саласындағы заңнаманы сақтауды бақылау және қадағалаудың өзекті мәселелері

 

Кафедрада Журнал клубы жұмыс істейді.

Міндеттері:

Медицина мен денсаулық сақтау саласында озық бағыттарды тұрақты талқылау.
Пікірталастар «Journal club» форматында жүргізіледі, яғни талқылау мақсаты —эксперименталды және/немесе шолу ғылыми мақаласы (жүйелік шолу). Journal club бейресми жағдайды болжамдайды, ол ашық әңгімеге ықпал етеді: өз пікірін еркін айту.

Клуб хатшысы: м.ғ.м., оқытушы Маханбеткулова Д.Н.

Кафедрада Н. Кереев атындағы эпидемиология мектебі (жауапты – профессор Сапарбеков М.К.) және Дәлелді медицина орталығы (ДМО) (жауапты – м.ғ.к. Нурбаев А.С.) жұмыс істейді.

Серіктестігі:

  1. Н.Ф.Измеровтың басқаруымен РМҒА Еңбек медицинасының ғылыми-зерттеу институты.
  2. Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Профилактикалық медицина» МЕҰ.
  3. ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторингінің ғылыми-практикалық орталығы.
  4. ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық
  5. ҚР жетекші медициналық ұйымдары.
  6. Мемлекеттік емес халықаралық ұйымдар («АӨА Қазақстандық одағы, «КМПА»).