Циклдарға өтініштер 8-727-337-80-18, 337-69-05, 8 727-337-80-29, 8 771 501 20 40, 8 701 764 40 36, 8 707 383 55 42 факсы немесе e-mail: ksph@ksph.kz, ksph14@mail.ru бойынша қабылданады.
Барлық қажетті ақпаратты www.ksph.kz. сайтында алуға болады.
Сонымен қатар, «ҚДСЖМ» ҚМУ Сізді жатақханада тұру үшін жағдайлар жасау мүмкіндігі туралы ақпараттандырады. Орналасу мәселелері бойынша жатақхана комендантына 8 727 337 80 18 телефоны бойынша хабарласуды сұраймыз.
«ҚДСЖМ» ҚМУ-да компьютерлік кластар, интернет, оқырман залы, кітапхана, буфет бар.
Оқу корпусы және жатақхана Алматы қ. Өтепов к-сі — 19а (Гагарин к-сі) мекенжайы бойынша орналасқан.
Әуежайдан келу: №32 авт., «Гагарин» аялдамасы
Алматы-1 вокзалынан: №30, №18автобус, «Өтепов» аялмадасы
Циклге қабылдау үшін, тыңдаушылар келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- Ұйымнан тыңдаушыны оқытуға өтініш (тыңдаушының Т.А.Ә., оның лауазымы және базалық білімі көрсетілген ұйымның гербтік бланкісінде еркін түрде жазылған).
- Тыңдаушының жеке өтініші.
- Тыңдаушының жеке карточкасы («ҚДСЖМ» ҚМУ-да толтырылады).
- Жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесі).
- Мамандық бойынша медициналық білім туралы диплом (көшірмесі).
- Ұйым басшысының тыңдаушыны оқуға жіберу туралы бұйрығы.
- Алғашқы мамандануы туралы құжат (көшірмесі, бар болса).
- Тегін өзгерткенін куәландыратын құжат (дипломдағы және жеке басын куәландыратын құжаттағы тегі сәйкес келмесе).
- Соңғы 5 жылда мамандық бойынша біліктілікті арттыру туралы құжат (көшірмелері).
- Оқыту туралы шарт, 2 данада.
құжаттардың көшірмесі кадрлар бөлімінде және нотариалды расталуы тиіс.
Ескертулер: Тыңдаушылардың құжаттарын қабылдау: сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Біліктілікті арттыру циклдары бойынша кез келген ақпаратты Қосымша кәсіби білім беру департаментінде анықтауға болады.
Байланыс деректері: телефондары – 8 (727) 337-69-05 (директор), 8 (727) 337-80-29 (мамандар), 8 (727) 337-80-32 (ішкі – 119).