«Стоматология және жақ-сүйек бет хирургиясы» кафедрасы 2011 жылғы сәуірде құрылды, жұмысының негізгі мақсаты – стоматологияның келесі бөлімдері бойынша стоматологиялық саланың жоғары және орта буын мамандарын дипломнан кейінгі тиімді және сапалы оқуын қамтамасыз ету:
- стоматологиялық аурулардың алдын алу және емдеу;
- уақытша және тұрақты тістерді жөндеудің заманауи технологиялары;
- уақытша және тұрақты тістерді эндодонтикалық жөндеу, диагностика және дифдиагностика;
- стоматологиялық ауруларды хирургиялық емдеу әдістері;
- стоматологиялық аурулар кезіндегі шұғыл медициналық көмек,
- жақ-сүйек хирургиясы, ортопедиялық емдеу, тістердің орналасу ауытқушылықтарын, тіс доғасын және тістемді анықтау және емдеу;
- қатты таңдай мен еріндердің айытқушылықтарын ортодонтиялық емдеу.