Нутрициология

Кафедра «ҚДСЖМ» Қазақстандық медициналық университеттің Ғылыми кеңесінің 2016 жылғы 05 қаңтардағы №2 шешімімен құрылды.

Нутрициология кафедрасының ұжымы тағамдық жетіспеушіліктің таралған формаларының тағамдану және профилактика саласында ЮНИСЕФ, ДДСҰ, ПРООН, ЮСАИД, «Макро Интернешнл Инк» Уэллстарт және басқалардың техникалық және қаржылық орындалатын қолдауымен барлық іргелі және қолданбалы медициналық-биологиялық зерттеулерде; пайдалы тағамдануды жетілдіру және насихаттауда; тағамдану гигиенасы және диетология мәселелері бойынша дәрігерлерді және мамандарды дайындауда; халықтың түрлі топтарының тағамдануын оңтайландыруы бойынша консультативтік және әдістемелік көмекті жүзеге асыруда белсенді қатысады. Ғылымды дамыту және медициналық білім сапасын арттырудың жалпы ұзақ мерзімді мақсаттарын басшылыққа ала отырып, «ҚДСЖМ» ҚМУ және Қазақстандық тағамдану академиясы білім, ғылым және практиканы біріктіру жолымен медициналық білім сапасын арттыру үшін зияткерлік, еңбек, материалдық-техникалық және басқа ресурстарды біріктірді.

Кафедраның оқу базасы академик Т.Ш. Шарманов басқаратын Қазақ тағамдану академиясы жанында орналасқан.

Миссиясы

Тағамдану және әлеуетті арттыру, ауқаттық-тәуелді аурулардың алдын алуы бойынша халықтың түрлі топтарының ақпараттылығы мәселелері бойынша қоғамдық денсаулық сақтау саласының жоғары білікті мамандарын дайындауда белсенді қатысады.

Қоғамдық денсаулық сақтау саласы үшін маңызды басымдылық белгілеуде қатысу, тиісті әкімшілік құрылымдарға оларды шешудің оңтайлы жолдарын ұсыну, Қазақстанда халықтың тағамдануын оңтайландыру және инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша әрекеттер жоспарын өңдеуде қатысу.

Көзқарасы

Өз қызметін тағамдану мәселелеріне қатысты адам құқықтарын мойындау және жүзеге асыруда негіздей отырып, нутрициология кафедрасының жұмысы нутрициолог-мамандарды дайындауға, пайдалы тағаммен қол жеткізілетін халық денсаулығын жақсартуға бағытталған.

Шарманов Төрегельді Шарманұлы —кафедра профессоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей медицина ғылымдары академиясының және ҚР Ұлттық ғылымдар академиясының академигі

Толығырақ

Профессор, Қазақ тағамтану академиясының президенті, Профилактикалық медицина академиясының, Қазақ  балалар тағамтану қорының президенті, Тағамтану бойынша ДДСҰ сарапшылары комитетінің мүшесі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ғылым номинациясында ҚР Мемлекеттік сыйлықтың және тәуелсіз «Тарлан» Платина сыйлығының және дүниежүзілік денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін Леон Бернард атындағы ДДСҰ Қорының лауреаты. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек бойынша ДДСҰ және ЮНИСЕФ Алматы конфенциясын ұйымдастырушысының бірі (1978г.), оның декларациясы «20-ғасырдың дүниежүзілік денсаулық сақтау саласының ұлы хартиясы» деп танылды. ҚСРО «Достық», «Қазан революциясы» және Қазақстан Республикасының «Парасат», «Достық», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендері мен медальдарымен марапатталды. Алматы қаласының құрметті азаматы. Т.Ш. Шарманов Қазақстандағы нутрициологтар мектебінің негізін қалаушысы.

Қазақ тағамтану академиясы Т.Ш. Шармановтың бастамасы бойынша және оның күшінің арқасында 1979 ж. бастап ДДСҰ-мен ынтымақтастығы бар Халықаралық тағамтану бойынша орталықтың ресми мәртебесі бар, 1996 ж. бастап – БҰҰ Университетінің тағамтану бойынша орталығымен қызмет етеді, 1998 ж.бастап – ЮНИСЕФ базалық мекемесі, 1999 ж. бастап – Дүниежүзілік тағамтану бойынша ғылыми кеңесінің қауымдастырылған мүшесі.

Оның басшылығымен 44 докторлық және 170 кандидаттық диссертация қорғалды. Т.Ш. Шарманов 360-ге жуық ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 38 монографиясы және 40 өнертабысы бар.

Басым ғылыми мүдделері: қоғамдық денсаулық сақтау, нутрициология, диетология, медициналық-профилактикалық іс, эпидемиология, гигиена, клиникалық нутрициология, фармакология, биохимия, дәлелді медицина.

E-mail: kaf_ardak@mail.ru
+7 707 764 70 53,
+7 701 764 70 53

Чуенбекова Ардак Байбараковна – кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты

Толығырақ

АҚШ, Калифорния, Сан-диегода Wellstart International «Емшек сүтімен тамақтандыруды ойдағыдай жүргізу» курсы бойынша біліктілікті арттыру курсын өтті, тағамтану мәселелері бойынша көптеген ғылыми-әдістемелік әзірленімдердің авторы және бірлескен авторы. Педагогикалық жұмыс өтілі 20 жылды құрайды, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нутрициология кафедрасында доцент болып жұмыс істейді. Тағамтанудың өзекті мәселелері және ауқаттық-тәуелді аурулардың алдын алуы бойынша халықаралық және республикалық ғылыми жобалардың орындалуында белсенді қатысты («Қазақстанның медициналық-демографиялық зерттеу бағдарламасы» бойынша Оңтүстік аймақтың супервайзері, ЮСАИД, Макроинтернэшнал, АҚШ (1999); «Мультииндикаторлық кластерлық зерттеулер» бойынша Ақтөбе облысы бойынша жауапты маман (2006); ҚР БҒМ тапсырысы бойынша «Қазақстанда артық салмақ және семіздік эпидемиясын кешенді алдын алу» жобасы бойынша «Инновациялық нәтижеге бағытталған университеттік мақсатты дамуы» ғылыми-зерттеу жұмысында белсенді қатысты. (2012-2014 жж.); «Отандық және импорттық тағам өнімдеріне кеңейтілген мониторинг жүргізу, майлы қышқылдардың транс-изомерлерінің қамтуын тексеру және және Қазақстанда инфекциялық емес аурулардың таратылуына әсерін бағалау» ЖОО ішіндегі жобада белсенді қатысу» (2016). «Медициналық-профилактикалық іс» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша студенттерге арналған «Тағам өнімдерін және оның өндіріс орындарын санитарлық-гигиеналық тексеру» (1998), «Қоғамдық тамақтану және сауда орындарын санитарлық-гигиеналық бақылау» (1998), «Емшек сүтімен тамақтандыру» (2000), «Тағам гигиенасы» (2006) және «Тамақтану гигиенасы» (2006), «Дефицит фолиевой кислоты и пути профилактики» және «Фолий қышқылының тапшылығы және оның алдын алу жолдары» (2007); «Тағам гигиенасында сақтық санитариялық қадағалау» (2009), «Педиатрияда тағаммен емдеу» (2010), «Тағам өндіру кәсіпорындарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» (2016) оқу-әдістемелік құралдарының, әдістемелік нұсқаулықтарының авторы және бірлескен авторы.

Басым ғылыми мүдделері: қоғамдық денсаулық сақтау, нутрициология, диетология, медициналық-профилактикалық іс, эпидемиология, гигиена.

E-mail: kmaigul@mail.ru

Кайнарбаева Майгуль Сейдуллаевна – кафедра доценті, медицина ғылымдарының кандидаты

Толығырақ

«Денсаулық сақтау саласының менеджменті» мамандығы бойынша бакалавр, денсаулық сақтау ісінің үздігі. Адами ресурстарды дамыту департаменті директоры орынбасарының жұмысын атқарды. 2009 ж. ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінің Ғылыми хатшысының лауазымына ауыстырылды, 2011-2013 жж. «Ұлттық салауатты тағамтану орталығы» Қоғамдық бірлестігінің атқарушы директорының лауазымын атқарды. 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Нутрициология кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. Жалпы жұмыс өтілі — 20 жыл. Тағамтанудың өзекті мәселелері және ауқаттық-тәуелді аурулардың алдын алуы бойынша халықаралық және республикалық ғылыми жобалардың орындалуында белсенді қатысты.

Кайнарбаева М.С. 50-ден астам ғылыми-көпшілік жарияланымның және 10 оқу-әдістемелік құралдың авторы мен бірлескен авторы болып табылады.

2016 жылы Кайнарбаева М.С. ҚР ДСжӘДМ «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, сонымен қатар Алмалы ауданы Әкімдігінің денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі және Алматы қаласы ауданының әлеуметтік-қоғамдық өмірінде белсенді қатысқаны үшін құрмет грамотасымен марапатталды.

Басым ғылыми мүдделері: қоғамдық денсаулық сақтау, нутрициология, диетология, медициналық-профилактикалық іс, эпидемиология, гигиена.

Кафедра қызметінің негізгі бағыттары – нутрициология, диетология, биохимия және тамақтану физиологиясы, тағам өнімдерінің, ғылыми зерттеулердің деректерін статистикалық өңдеу, ақпараттық технологиялардың сапасы мен қауіпсіздігі саласында оқыту-білім беру, ғылыми-зерттеу, консалтингтік және сараптау бағыттары.

Магистратура және докторантура саласындағы білі беру қызметі (магистранттар мен докторанттарға арналған таңдау бойынша компоненттер (ТК):

  • БМСК қызметкерлеріне арналған салауатты тағам және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі
  • Түрлі аурулар кезінде нутриционалдық қолдау
  • Тамақтану мәселелері – ИЕА дамуындағы тәуекелдің басты факторы
  • Түрлі аурулар кезіндегі диетотерапия
  • Салауатты тамақтанудың ғылыми негіздері
  • Тамақ арқылы берілетін денсаулыққа зиян факторлар және оларды ескерту жолдары
  • Тағам өнімдерін санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасы.
  • Емшек сүтімен тамақтандыруды ойдағыдай жүргізу
  • Микронутриенттік тапшылығы
  • Халықтың жеке топтарының тамақтану қағидалары

Биологиялық белсенді қосаплар және оларды халықтың тамақтануын түзетуде пайдалану

Нутрициология Кафедрасы

Кафедра меңгерушісі: м.ғ.к. Чуенбекова Ардақ Байбараққызы

Байланыс телефоны: 8 (727)3752313;  +7(701)7647053

Электронды поштасы: kaf_ardak@mail.ru

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЦИКЛДАРЫ
1 Диетотерапия және нутрициологияның заманауи аспектілері. Жалпы практика дәрігерлеріне, терапевттерге арналған. 216/4 Өтінім бойынша, топты қалыптастыруына қарай
2 Емдік және профилактикалық тамақтануды ұйымдастыру Орта және жоғары буынның АМСК мамандарына арналған. 108/2 Өтінім бойынша, топты қалыптастыруына қарай
3 Түрлі аурулар кезіндегі диетотерапия. Жалпы практика дәрігерлеріне, терапевттерге аналған. 108/2 Өтінім бойынша, топты қалыптастыруына қарай
4 Тағамдану мәселесі – денсаулық үшін тәуекелдің басты факторы ретінде. Орта және жоғары буынның АМСК мамандарына арналған. 54/1 Өтінім бойынша, топты қалыптастыруына қарай
5 Бір жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру. Жалпы практика дәрігерлеріне, терапевттерге аналған. 54/1 Өтінім бойынша, топты қалыптастыруына қарай
6 Жүкті және емізетін әйелдердің тамақтану ерекшеліктері. Жалпы практика дәрігерлеріне, терапевттерге аналған. 54/1 Өтінім бойынша, топты қалыптастыруына қарай
7 Егде жастағы адамдардың тамақтану ерекшеліктері. Жалпы практика дәрігерлеріне, терапевттерге аналған. 54/1 Өтінім бойынша, топты қалыптастыруына қарай
8 Салмақты түзеткендегі жеке амалдары. Жалпы практика дәрігерлеріне, терапевттерге аналған. 54/1 Өтінім бойынша, топты қалыптастыруына қарай
СЕМИНАР – ТРЕНИНГТЕРДІҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
1 Пайдалы тағамдану негіздері. Тұрғындардың түрлі топтарына арналған. 3 күн Өтінім бойынша, топты қалыптастыруына қарай
2 Тағамдану және ұзақ өмір сүру. Тұрғындардың түрлі топтарына арналған. 3 күн Өтінім бойынша, топты қалыптастыруына қарай
3 Ана мен баланың тағамдануы. Тұрғындардың түрлі топтарына арналған. 3 күн Өтінім бойынша, топты қалыптастыруына қарай
4 Спорттық тағам. Спорт клубтарының нұсқаушыларына, тұрғындардың түрлі топтарына арналған. 3 күн Өтінім бойынша, топты қалыптастыруына қарай
5 Салмақты түзету. Тұрғындардың түрлі топтарына арналған. 3 күн Өтінім бойынша, топты қалыптастыруына қарай
ОРТА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН
1 Орта медицина жұмыскерлерінің құрамына арналған емдік тағамдану Орта және жоғары білім деңгейінің мейіргелеріне арналған 108/2 Өтінім бойынша, топты қалыптастыруына қарай
2 Пайдалы тағамдануды ұйымдастыру және негіздері. Орта және жоғары білім деңгейінің мейіргелеріне арналған 108/2 Өтінім бойынша, топты қалыптастыруына қарай
3 Ана сүтімен емізу бойынша кеңес беру Орта және жоғары білім деңгейінің мейіргелеріне арналған 54/1 Өтінім бойынша, топты қалыптастыруына қарай