Кардиология және ревматология

ҚР ДСӘДМ ҚДСЖМ кардиология, кардиологиялық қызметті басқару және дамыту кафедрасы 2014 жылы «SEMA» медициналық орталығының базасында ашылды. Кафедра меңгерушісі – м.ғ.д., профессор Вазилия Шәкентайқызы Атарбаева.

В.Ш. Атарбаева – 370 ғылыми басылымның, 5 монографияның, 22 әдістемелік нұсқаудың, 6 оқу құралының, 3 клиникалық нұсқаудың, 8 өнертабыстың, 30 өнертабыстық ұсыныстың авторы. Оның жетекшілігімен 5 кандидаттық диссертация қорғалды. Ол – ҚР Кардиологтар қауымдастығының, Еуропалық кардиологтар қоғамының, Дүниежүзілік жүрек федерациясының және Түркі тілдес елдер кардиологтары қауымдастығының мүшесі. Вазилия Шәкентайқызы 2 рет «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен, кардиологиялық қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет Дипломымен, Бүкілресейлік кардиологтар қоғамының Алғыс хатымен марапатталған.
Кафедра құрамы: доцент Г.Ж. Құрманбекова, ассистент Д. Осмонов, лаборант О.П. Тен.
Кафедраның негізгі қызмет бағыттары: оқу, әдістемелік, ғылыми, емдік-консультациялық.

E-mail: v.atarbaeva@ksph.kz

+7 701 752 59 51

Атарбаева Вазилия Шакентаевна – кафедра меңгерушісі,  медицина ғылымдарының докторы, профессор;

E-mail: t.olga@ksph.kz
+7 777 221 98 68

Тен Ольга Петровна – кафедра лаборанты

Оқу жұмыстары «Кардиология» мамандығы бойынша дәрігерлерді қайта даярлауға, «Ішкі аурулар клиникасындағы кардиология мәселелері», «Клиникалық ЭКГ», «Жіті коронарлық синдром кезіндегі шұғыл жағдайлар», «Клиникалық аритмология» циклдары бойынша ЖПД, кардиологтар мен терапевтер-дәрігерлердің біліктілігін арттыруға, сонымен қатар магистранттар мен PhD докторанттарды дайындауға бағытталған.
Кардиологиядағы оқу үдерісінде инновациялық технологиялар кеңінен қолданылады: практикалық дағдылар орталығында оқу, ИЖА диагностикасы мен емінің заманауи алгоритмдері, ЖКС, артериялық гипертензия, аритмия, жүктілердің артериялық гипертензиясы, СЖЖ. Симуляциялық орталықта кардиология кафедрасы тыңдаушыларына жүрек-өкпе реанимациясы, жіті коронарлық синдром кезінде шұғыл көмек көрсету, жүрек және тамыр ауруларына диагностика сынды практикалық дағдылар үйретіледі.
Кафедра қызметкерлері «SEMA» МО базасында емдік және консультациялық қызметтерді көрсетеді.
Кафедра қызметкерлері өздерінің біліктілігін үнемі көтеріп отырады. Соңғы екі жылда кафедра қызметкерлері Литвада, Испания мен Түркияда оқып келді.
Кафедра қызметкерлері жүрек тамырлары ауруларының мәселелері жөніндегі конференциялар мен дөңгелек үстелдердің ұйымдастырушысы, кардиологтардың республикалық, еуропалық, дүниежүзілік, ұлттық конгрестерінің белсенді қатысушысы болып табылады. Олар Жалпы практика дәрігерлерінің І съезін дайындауға және съез жұмысына қатысты.

«Кардиология және ревматология» кафедрасының кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау циклдары

КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕВМАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Кафедра меңгерушісі: м.ғ.д., профессор Атарбаева Вазиля Шәкінтайқызы

Байланыс телефоны: 8 727 337 80 32 (ішкі 155)

Электронды адресі: atarbaeva@mail.ru