Жалпы дәрігерлік практика

«ЖАЛПЫ ДӘРІГЕРЛІК ПРАКТИКА (ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА), КӘСІБИ ПАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭНДОКРИНОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

  • Кафедра қызметінің негізгі бағыттары: оқу, әдістемелік, ғылыми, емдеу-консультативтік.
  • Кафедра магистрларды оқытады. Оқу жұмысы «Жалпы дәрігерлік практика» (отбасылық медицина)», «Кәсіби патология», «Эндокринология» мамандықтары бойынша дәрігерлердің біліктілігін арттыруы және қайта даярлауына бағытталған.
  • Осы пәндер практикалық денсаулық сақтау саласында шұғыл жағдайлар кезінде медициналық көмекті ұйымдастырудың, БМСК деңгейінде жиі кездесетін аурулар кезінде науқастардың сырқатын ерте анықтау, емдеу, алдын алу, оңалтудың таңдаулы мәселелеріне, ішкі аурулар клиникасындағы қант диабетіне шалдыққан науқастарға эндокринологиялық көмек көрсету, қант диабеті мектебі, артериялық гипертензия мектебінің өзекті мәселелеріне, БМСК түрлі деңгейінде ауруларды ерте анықтау бойынша скринингтік тексеру бағдарламаларын енгізудің ұйымдастырушылық аспектілеріне арналған.

«Жалпы дәрігерлік практика (отбасылық медицина), кәсіби патология және эндокринология»
кафедрасының 
профессорлық-оқытушылық құрамы

Кафедра қызметкерлері кәсіби патология, эндокринология, кардиология мәселелері бойынша халықаралық және республикалық конгрестер, конференциялар және дөңгелек үстелдердің ұйымдастырушылары және қатысушылары болып табылады.

Оқу-әдістемелік және ғылыми бағыттылық

  • оқу пәндері бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру;
  • кафедраның оқу жоспарында бекітілген курс бағдарламаларын, таңдау курстарын, семинарларды дайындау (әзірлеу);
  • қосымша білім беру, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын дайындау;
  • курстар мен пәндер бойынша оқулықтарды, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік материалдарды өңдеу, жазу және кейіннен жаңарту;
  • Оқу, әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметінде ел аймақтарында денсаулық сақтау саласын басқару органдарымен белсенді ынтымақтастықта қызмет ету;
  • ғылыми-практикалық семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференцияларды ұйымдастыру;
  • кафедраның ақпараттық-білім беру сатын өңдеу және қолдау көрсету;
  • қоғамдық денсаулық сақтау бойынша магистрларды ғылыми қызметке тарту;
  • кәсіби ғылыми қауымдастықтардың, қоғамдардың жұмысында қатысу, осы ұйымдарда кафедра қызметкерлерінің өкілдігін кеңейту.

Джусипов Алихан – профессор, м.ғ.д.

Толығырақ

Профессор, м.ғ.д., кафедра профессоры, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Литва, АҚШ, Жапония, Израиль және т.б. жақын және алыс және елдермен тұрақты ғылыми, ақпараттық байланыстар орнатты. Профессор А.К. Джусиповтың басқаруымен «Өнеркәсіптік кәсіпорындары жұмысшыларының арасында артериялық гипертониямен күресу», «Ұйымдастырылмаған халық арасында жүректің ишемиялық ауруының эпидемиологиясы», «40-54 жас аралығындағы дислипопротеиндемия», «Алматы қ. студенттері арасында ЖИА қауіп факторларының және атеросклероздың профилактикасы» бүкілодақтың бағдарламаларын әзірледі. 2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту бағдарламасы жобасының басқарушысы болып табылады. Осы бағдарламаны жүзеге асыруы негізгі жүрек-тамыр ауруларының төмендеуіне ықпал етті. АМДЖИ қызметкерлері арасында халықаралық ғылыми және клиникалық байланыстарды орнату және дамыту бойынша басқарушылық етуді жалғастыруда. Профессор А.К. Джусиповтың басқаруымен негізгі жүрек-тамыр ауруларын, миокардтың коронарогендік ауруларын, созылмалы ревматизм ауруларын және оларлың асқынуларын анықтау және емдеу мәселелері бойынша 12 ҒЗЖ орындалды, 18 кандидаттық және 2 докторслық диссертация қорғалды. 300-ден астам ғылыми жарияланды, 4 монография, 25 авторлық куәлік шықты. «Медицина и люди» журналының бас ғылыми редакторы, «Вестник АГИУВ» журналының редакция кеңесінің мүшесі болды. ҚР тұрғаныдарына тұрақты негізде емдеу-консультативтік көмек көрсетуде. Қазақстан Республикасы халқы денсаулығын сақтау ісіне қосқан үлкен үлесі үшін ҚР ДС Министрлігінен алғыс хаттары, құрмет грамоталары бар, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің  үздігі» төсбелігісмен мараптатталған. 2002ж. профессор Джусипов А.К. «Алтын адам» жыл адамы болып таңдалды.

Абдирова Тамара Муталимовна — кафедра ассистенті;

Толығырақ

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының магистрі, жоғары категориялы маман, «ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі».

1995 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын аяқтады. Дәрігерлік қызметін қалалық студенттік емханада учаскелік терапевт-дәрігер лауазымында бастады. 2008-2012 жылдары – «Феникс Сервис» ЖШС Бас дәрігері (VIP класс мед.орталығы). 2010-2012 жылдары кардиология және ревматология кафедрасында ассистент ретінде жұмыс істеді. 2012-2017 жылдары Алматы қ. Орталық қалалық клиникалық аурухананың Емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары міндеттерін атқарды. Израиль, Германия, ҚХР үздік клиникаларында оқыды. Оқытушылық қызмет тәжірибесі бар.

Тамара Муталимовна Абдированың аты Орталық қалалық клиникалық аурухананың  Құрмет кітабына енгізілген. Еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (Министр Т.Дуйсенова) «Құрмет грамотасымен», «Нұр Отан», АМДЖИ, РФ Бас консулдығының (2015 г.) алғыс хаттарымен марапатталған. 100-ден астам ғылыми жұмысы жарияланды.

КӘСІБИ ПАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭНДОКРИНОЛОГИЯ КУРСЫМЕН

ЖАЛПЫ ДӘРІГЕРЛІК ПРАКТИКА (ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА) КАФЕДРАСЫ

КАФЕДРА жетекшісі: м.ғ.к., Утеулиев Ержан Сабиталиевич

Байланыс телефоны: 8 727 337 80 32 (ішкі 155)

t.olga@ksph.kz