Жалпы гигиена және экология

Жалпы гигиена және экология кафедрасы Қазақстан медициналық университетінің базасында 2019 жылы құрылды. Кафедраның негізгі бағыттары оқу-білім беру, ғылыми-зерттеу қызметтері болып табылады.

Кафедра қызметінің негізгі мақсаты – ғылыми зерттеулердің нәтижелерін Денсаулық сақтау тәжірибесіне енгізу арқылы азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған денсаулық сақтаудың ғылыми-негізделген жүйесін жетілдіру және дамыту.  Қойылған мақсатқа жету бойынша міндеттер: университет базасында денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеудің толық циклін қолдайтын, тиімді жұмыс істейтін ғылыми-білім беру инфрақұрылымын қалыптастыру және олардың нәтижелерін білім беру процесі мен практикалық денсаулық сақтауға енгізу, гигиена мен экологияның өзекті мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамыту.

Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып м.ғ.д., профессор, Ресей және Еуропалық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Үсен Исмайылұлы Кенесариев тағайындалды.

Профессор У.И. Кеңесариев ҚР гигиена ғылымының негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Ол ғылыми зерттеулерді жоспарлау сапасын және тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау тәжірибесіне жетістіктерді енгізуді жеделдету ісіне елеулі үлес қосты. Көптеген марапаттары бар, оның ішінде: денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін «Сапа үшін Европалық Гран При» халықаралық конкурсының Алтын медалі (2015, Швейцария); білім беру үрдісінің сапалы жүргізгені үшін және оқу әдебиетін жазғаны үшін (2015); Байтұрсынов атындағы жоғары білікті мамандарды дайындағаны үшін Алтын медаль;  ҚР ДС ӘДМ «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» (2014) төс белгісі;  ЕАЕН Пирогов ордені (2014), И. П. Павлова РАЕН «Медицина және денсаулық сақтау саласын дамытқаны үшін» (2014) күміс медалі,  ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ҚР ЖОО үздік оқытушысы 2013 жыл» құрметті атағы;  Ерең еңбегі үшін ” медалі (2010); отандық және халықаралық Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары.

Профессор У.И. Кеңесариевтің басшылығымен ҚР Жеке және мемлекеттік кәсіпорындарының, БҰҰ-ның ҚР өкілдіктерінің, шетелдік мұнай-газ компанияларының және басқа да халықаралық ұйымдардың тапсырысы бойынша 200-ден астам жоба жүзеге асырылды. Жалпы гигиена және экология кафедрасында жүргізілетін ғылыми зерттеулер маңызды экологиялық мәселеге – ҚР Экологиялық қолайсыз аймақтарындағы қоршаған ортаны қорғау, Халық денсаулығы және аурулардың алдын алу бойынша шаралардың сенімділігі мен гигиеналық тиімділігін арттыруға арналған. Профессор У.И. Кеңесариевтің жетекшілігімен ғылыми бағдарламалар аясында 50-ден астам кандидаттар, медицина ғылымдарының докторлары және магистранттар дайындалды. 300-ден астам ғылыми жұмыстар, оның ішінде 6 монография, 8 оқулық, 16 нормативтік-құқықтық актілер жарияланды.

Жалпы гигиена және экология кафедрасында оқытушылық және ғылыми іс-әрекетте мол тәжірибесі бар дәрежеленген қызметкерлер (м.ғ.д., м.ғ.к., PhD, магистр) дәріс береді.  Кафедра қызметкерлері ғылыми баяндамалар жасап, Швейцария, Англия, АҚШ, Египет, Израиль, Италия, Испания және ТМД елдерінде тағылымдамадан өтті. Барлық деңгейдегі конференцияларға, симпозиумдарға және семинарларға, сондай-ақ түрлі комитеттердің, кеңестердің, қауымдастықтардың, халықаралық және республикалық деңгейдегі академиялардың жұмысына (мүшелігіне) үнемі қатысады.

Кенесариев Үсен Исмаилұлы – Медицина ғылымдарының докторы, профессор, РЖҒА және ЕЖҒА академигі, жалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі.

E-mail: kenesary@inbox.ru

Кенесары Динара Үсенқызы – PhD, Жалпы гигиена және экология кафедрасының доценті

E-mail: dku999@mail.ru

Ержанова Ая Ералывна – Медицина ғылымдарының кандидаты, Жалпы гигиена және экология кафедрасының доценті

E-mail:  aya.er@mail.ru

Адильгирейулы Заур – РФ медицина ғылымдарының кандидаты, Жалпы гигиена және экология кафедрасының аға оқытушысы

E-mail:  za-ke73@mail.ru

Ақжолова Назгуль Азатбекқызы – Магистр, Жалпы гигиена және экология кафедрасының аға оқытушысы

E-mail:  nazgul-akzholova@mail.ru

Орындалған ҒЗЖ

Кафедра қызметкерлерінің қоршаған ортаның химиялық факторларының әсерінен халықтың денсаулығына қауіп-қатерлерді бағалау және басқару бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының үлкен тәжірибесі бар; сонымен қатар қоршаған орта объектілерінің (ауа, су, топырақ) сапасын гигиеналық бағалау саласында; халықтың денсаулық жағдайын эпидемиологиялық зерттеу (ауру, демографиялық көрсеткіштер) және т. б.

Кафедра қызметкерлері соңғы бес жыл ішінде ҚР Жеке және мемлекеттік кәсіпорындарының, ҚР-дағы БҰҰ өкілдіктерінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен облыстық әкімдіктерінің, Халықаралық Мұнай-газ компанияларының (“Қарашығанақ петролеум оперейтинг”, “Аджип ККО”, “Теңізшевройл”, “ПетроҚазақстан”, “NCOC”, “KPJV” Limited”) және басқа да халықаралық ұйымдардың тапсырысы бойынша 20 аса өзекті ғылыми жобаны жүзеге асырды.

 

Жарияланымдар

Жалпы гигиена және экология кафедрасының қызметкерлері:

Оқу құралдары:

– «Көлік шуының әсерінен халықтың денсаулығына қауіп-қатерді талдау»

– «Халық денсаулығына атмосфералық ауаның өнеркәсіптік шығарындылармен химиялық ластануынан туатын қауіптер»

– «Ауа ортасын гигиеналық бағалау»

– «Медициналық экология».

Әдістемелік ұсыныстар:

– «Химиялық факторлардан халықтың денсаулығына қауіп-қатерді басқару және экономикалық бағалау»

– «Автокөлік шуының халық денсаулығына әсер ету қаупін бағалау»

– «Химиялық факторлардың әсерінен халықтың денсаулық жағдайына қауіп-қатерді бағалау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар»

Ғылыми зерттеулер нәтижелері ҚР ғылыми журналдарында және шетелдік жетекші рецензияланатын журналдарда, сондай-ақ ҚР, алыс және жақын шетел конференцияларының материалдарында үнемі жарияланады.

Соңғы 5 жылда – 139 басылым, оның ішінде ҚР БҒМ БҒСБК басылымдарында – 73 мақала және импакт-факторы бар – 7 мақала жарияланды.

 

Ғылыми іс-шараларға қатысу

Кафедра қызметкерлері қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық, ұлттық және аймақтық деңгейде өткізілетін түрлі семинарлар, съездер мен конференциялар жұмыстарына үнемі қатысады. Оның ішінде: Лондон (Англия) – 2000 ж.; Хьюстон (АҚШ) – 2001 ж.; Тель-Авив (Израиль) – 2009 ж.; Римини (Италия) – 2010 ж.; Малага (Испания) — 2011 ж.; Будапешт (Венгрия) – 2012 ж.; Бостон (АҚШ) – 2013 ж.; Франтишковы Лазне (Чехия) — 2014; Пекин (ҚХР) – 2014; Пермь (РФ) – 2014; Сочи (РФ) — 2015; Айя-Напа (Кипр) – 2016; Кельн (ГФР) – 2017; Мармарис (Түркия) – 2019г;  Ресей Федерациясының адам экологиясы және қоршаған орта гигиенасы бойынша Ғылыми кеңесінің жыл сайынғы Пленумдары және т. б.

 

 Өткізілген іс-шаралар

* 2019 жылғы 23-24 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) мамандары үшін «Су тарту құрылыстарын жобалау кезінде жер асты және жер үсті суларын санитарлық қорғау аймақтарын есептеу» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.