Дерматокосметология және дерматовенерология

Дерматокосметология кафедрасы 2016 ж. құрылды және дерматокосметология бойынша біліктілігін арттыру және мамандану циклдарын өткізеді, клиникаларға, медициналық орталықтарға, косметологиялық кабинеттерге және сән салондарына жоғары, сондай-ақ орта медициналық білімі бар мамандарды дайындайды. Косметологтарды оқыту Алматы қ. SMART Clinic эстетикалық медицина клиникасының базасында жүргізіледі.

Кафедра тақырыптық біліктілікті арттыру циклдарын көшпелі түрде өткізеді.

Біздің мақсат — эстетикалық медицина саласында жұмыс істеу үшін дәрігерлер мен мамандардың дипломнан кейінге оқытуын жүргізеді. Біз Қазақстан, Ресей және шетелдің жетекші мамандарының қатысуымен жоғары білікті мамандарды даярлауға әзірміз.

E-mail: sergey.shelekhov@mail.ru
+7 (727) 376-42-22,
+7 (701) 730 93 17

Шелехов Сергей Юрьевич – кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты

Толығырақ

Дерматокосметолог-дәрігер, ТМД елдерінің ботулинотерапияның сараптау кеңесінің мүшесі, Халықаралық нейротоксиндер қауымдастығының мүшесі, Қазақстан Республикасында  ботулинотерапияның қоғамдық бірлестіктің төрағасы, ботулинотерапия мен контурлық пластика бойынша сертификатталған тренер, «SMART Clinic» жалғыз мамандырылған клиниканың медициналық директоры.

Кафедра жоғары білімі және орта медициналық білім бар тұлғаларға қосымша кәсіби бағдарламаларының келесі формаларын ұсынады: кәсіби қайта даярлау (ҚД) және біліктілікті арттыру (БА)

Оқыту жұмыстан босатылып және босатылмай жеке жоспарлар бойынша жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламаларының көлемі тиісті мамандық бойынша мемлекеттік білім беру стандартын орындау қажеттілігінен белгіленеді.

Келесі тақырыптар бойынша ЖОО кейінгі және қосымша кәсіби білім беру түрлерін жүзеге асырады:

Кафедра оқыту кезінде тыңдаушылардың конференцияларға, көрмелерге, форумдарға, дерматовенерология, косметология және эстетикалық медицина бойынша симпозиумдарға қатысуын ұйымдастырады.

Оқу жоспарлары, циклдар бағдарламалары дерматология, венерология, косметология бойынша жүйеленген дипломнан кейінгі білім беру бағдарламаларына сәйкес келеді. ҚДСЖМ ҚМУ шарттық негізде денсаулық сақтау органдарының және мекемелерінің өтінімдері бойынша қосымша көшпелі циклдарды ұйымдастырады және өткізеді, тиісті құжат береді. Көшпелі циклдарға өтініштер 8 (727) 337 80 18 факсы немесе e-mail: ksph@ksph.kz, ksph14@mail.ru бойынша қабылданады немесе дерматокосметология кафедрасына тікелей жіберіледі.

Оқуды ойдағыдай аяқтаған тұлғаларға мемлекеттік үлгіге сәйкес құжаттар беріледі (куәліктер, сертификаттар, дипломдар).