Денсаулық сақтау саласының менеджменті

Денсаулық сақтау менеджменті кафедрасы 1997 жылы денсаулық сақтау менеджменті бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлау, денсаулық сақтауды реформалау жағдайында менеджмент, маркетинг, экономика және фармация мәселелері бойынша денсаулық сақтау органдары мен мекемелері басшыларының біліктілігін арттыру мақсатында құрылды.

 

Кафедраның мақсаты мен міндеті:

  • Медициналық ұйымның стратегиялық дамуына жауапты, көшбасшылық позициясын ұстанатын басшыларды даярлау .
  • Медициналық ұйымның заманауи менеджменті талаптарына сай болатын денсаулық сақтау жүйесінің жоғары білікті мамандарын қалыптастыру.
  • Білім алушылардың бойында өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қабілетін, олардың барлық белсенді тіршілік әрекеті барысында жаңа білімді өз бетінше меңгеру қажеттілігі мен дағдыларын қалыптастыру

Денсаулық сақтау менеджменті саласындағы дайындық

  • меншіктің барлық нысанындағы ұйымды/кәсіпорынды/мекемені басқару кезінде басқарушылық шешімдер қабылдау негізділігінің деңгейін жоғары арттырады;
  • бастамашыл, жан-жақты,мақсаты айқын,өзін дамытуға мүдделі, икемділігі мен бейімділігі жоғары мамандар жұмыс берушіге қажет қазіргі қоғамда бәсекеге қабілеттілікті арттырады;
  • жоғары білімі бар мамандардың кәсіптік ұтқырлығы мен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдеседі;
  • жеке білім -кәсібилік мүдделерінің іске асу мүмкіндіктерін арттырады;
  • білім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, себебі білім алуға үйренушінің өзі қызығушылық танытады;
  • денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау қазіргі экономикалық жағдайда өте өзекті болып табылады.

 

Кафедраның білім беру бағдарламалары

7М10107 «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» (профильді бағыт)

7M10108 – «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» (ғылыми-педагогикалық бағыт)

7М10101 «Денсаулық сақтаудағы ақпараттық технологиялар менеджменті» (профильді бағыт)

7М04103  «EМВА» (1 жыл)

7М04102 – «МВА» (2 жыл)

 

ЖОО-дан кейінгі білім беру бағдарламалары

МАГИСТРАТУРА

  • Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару
  • Менеджмент
  • Ұйымдық тәртіп
  • Денсаулық сақтаудағы маркетинг
  • Операциялық менеджмент
  • Денсаулық сақтаудағы стратегиялық жоспарлау

ДОКТОРАНТУРА

  • Ғылыми зерттеулер менеджменті
  • Жоба менеджменті
  • Денсаулық сақтаудағы сапаны басқару

Қосымша кәсіби білім

Біліктілікті арттыру

  • Стратегиялық менеджмент (медициналық ұйымдардағы бизнес үрдістерді жоспарлау және қалыптастыру)
  • Қазіргі жағдайда медициналық ұйымдарды цифрлық трансформациялау
  • Медициналық көмек сапасын басқару
  • Денсаулық сақтаудағы сараптама қызметін ұйымдастыру
  • МӘМС жағдайында медициналық ұйымдарды басқаруға заманауи қадамдар
  • Мейірбике ісін реформалау шеңберінде мейірбике ісі менеджменті және т.б.

Тыңдаушылар контингенті

  • Денсаулық сақтауды басқару органдарының, мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау ұйымдарының жоғары және орта буын басшылары.
  • Денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, басшылардың бірінші орынбасарлары және экономисттер
  • Денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар, басқару кадрларының резервінде тұрған денсаулық сақтау басқармалары мен ұйымдарының қызметкерлері.

Камалиев Мақсұт ӘділханұлыКафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор

Подробнее

Кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару, медициналық білім беру саласындағы белді маман. Көптеген заңнамалық, директивтік және нормативтік құжаттарды құрастыруға қатысқан. Білім беру және типтік оқу бағдарламаларының, мемлекеттік стандарттардың авторы.

Ғылыми жетекшілігімен 13 кандидаттық диссертация, 2 PhD диссертациясы, 8 магистрлік диссертация, оның ішінде Берлин университетіндегі Халықаралық денсаулық сақтау магистрінің диссертациясы қорғалған.

Отандық және шетелдік баспасөзде 400-ден астам ғылыми, әдістемелік және оқу жұмыстары жарияланды. Еуропалық Қоғамдастықтың, Британдық Кеңестің, БҰҰ Даму Бағдарламасының, “Сорос-Қазақстан” қорының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің және т.б. көптеген ғылыми және білім беру жобаларында үйлестіруші, жетекші немесе зерттеуші қызметтерін жүзеге асырған. Шетелдік, халықаралық және республикалық конференцияларда баяндама жасаған.

Литва денсаулық ғылымдары университетінің шақырылған профессоры.

Тултабаев Сұлтанбек Шуманұлы техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Подробнее

1992 жылы Мәскеу тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында диссертация қорғаған.

1992 жылдан бастап менеджментті ғылыми сала ретінде зерттейді, ЕҚДБ консультанты және ҚР және Ұлыбританияның (The Open University) МВА бағдарламаларында оқытушы болып табылады.

Жалпы және стратегиялық менеджментке маманданған. Басылымдары: бір монография және 15-тен астам мақала. Оның басшылығымен 20-дан астам консалтингтік жоба, оның ішінде 7 жоба Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (ЕҚДБ) шеңберінде іске асырылды.

Ғылыми қызығушылық саласы – менеджменттің қазақстандық моделін 7 бағыт бойынша зерттеу: корпоративтік басқару, бәсекелестік стратегия, операциялық менеджмент, маркетингтік стратегия, бизнес-модельдер, персоналды басқару және жобаларды басқару.

Қалиева Диана Әміржанқызы  – Кафедра доценті, РhD

Подробнее

2006 жылдан 2008 жылға дейін ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде магистратурада оқып, магистр академиялық дәрежесін алды. 2013 жылдан 2016 жылға дейін ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің докторантурасында оқып, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау менеджменті саласында кадрлық ресурстарды дайындауды болжау және жетілдіру» тақырыбында диссертациясын сәтті қорғап, “6D110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау “мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алды.

Нарымбаева Назерке Нұрмағамбетқызы – Оқытушы, медицина ғылымдарының магистрі

Подробнее

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің”Қоғамдық денсаулық сақтау” факультетін 2013 жылы тәмамдап, 2013-2015ж.ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық магистратура бағдарламасы бойынша тәлім алған.

Практикалық денсаулық сақтау саласында тәжірибесі бар. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы “Smart Health University City”  медициналық орталығында,”Алматы өңірлік онкологиялық диспансерінде” дәрігер-методист, дәрігер-статистик  қызметін атқарған.  Мына медициналық ақпараттық жүйелермен жұмыс істеген:

-Тіркелген тұрғындар регистрі

-Емдеуге жатқызу бюросы

-ЭРОБ, ЭРДБ, ЭРСБ, НРСД

-DamuMed, Medelement

Нұрақынова Сабина Талғатқызы – Аға оқытушы, медицина ғылымдарының магистрі

Подробнее

Латвиядағы «Кәсіпкерлік қызметті басқару» бағыты бойынша PhD докторлық бағдарламасында оқуын аяқтаған

2013 -2016 жылдар аралығында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де «Ауруханалық  менеджмент» және «Денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың халықаралық тәжірибесі» пәндерінен біліктілікті арттыру мақсатында денсаулық сақтау басшыларына сабақ өткен.

2011 жылдан бері отандық және халықаралық басылымдарда жарияланады, менеджмент бойынша конференцияларға қатысады. 9 статья және тезисі бар.

2018 жылы Скопуста ағылшын тілінде мақаласы жарияланған.

2016 жылы «ЖОО-ның сыртқы бағалау (аудит) және өзін-өзі бағалау есептерін сараптау рәсімі» бағыты бойынша  ұлттық сарапшы сертификатын 3 жылға алған.

Қоғамдық денсаулық сақтау мамандарының Орталық-Азия ассоциациясының мүшесі болып табылады.

«Қазақстан Республикасындағы балаларға медициналық көмек көрсетудің технологиясын ғылыми негіздеу» тақырыбындағы ғылыми-техникалық бағдарламаға қатысқан.

«Білім беру менеджменті: Университетті басқару» жаздық мектебіне, сонымен қатар  Денсаулық сақтау вице-министрі Цой А.В. қатысқан партисипативті фасилитация әдісімен Стратегиялық сессиясына, 2020 жылы ДДСҰ “Flagship Course on Public Health Policy and Practice” by the WHO Regional Office for Europe- Флагмандық курсына белсене қатысқан.