“ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университеті (бұдан әрі – “ҚДСЖМ” ҚМУ) ЖОО ішіндегі гранттар конкурсына құжаттардың қабылданатындығы туралы хабарлайды

Конкурсқа “ҚДСЖМ” ҚМУ қызметкерлері мен білім алушылары қатыса алады.
Биыл медициналық көмектің сапасы мәселелері бойынша жүйелі шолулар жүргізу бойынша өтінімдерге артықшылық беріледі.
Конкурстық құжаттама “ҚДСЖМ” ҚМУ сайтында орналастырылған (https://ksph.edu.kz/ru/%D0%B4%D0%B5%D0%BF%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B0%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82%D1%8B/%D0%B4%D0%B5%D0%BF%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B0%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82-%D0%BD%D0%B0%D1%83%D0%BA%D0%B8-%D0%B8-%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D1%81%D0%B0%D0%BB%D1%82%D0%B8%D0%BD%D0%B3%D0%B0/#1615272104778-91205c7f-8f79 ).
Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді ресімдеу мәселелері бойынша Ғылым және консалтинг департаментіне И.К. Карибаеваға хабарласуға болады.
Жобаның ғылыми жетекшісінің қолымен расталған конкурстық өтінімдер Ғылым және консалтинг департаментіне электрондық және қағаз түрінде беріледі.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2023 жылғы 15 мамыр.
Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2023 жылғы 31 мамыр (қоса алғанда).