ХАБАРЛАНДЫРУ. «ҚДСЖМ» ҚМУ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» БАЙҚАУЫ

«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті «ҚДСЖМ» үздік оқытушысы» атағына конкурс жариялайды.
Конкурсқа педагогикалық қызметті атқаратын штаттық оқытушылар қатысады.
Байқау екі кезеңде өткізіледі:
Конкурс жарияланған күннен бастап 2023 жылғы 15 мамырға дейін (қоса алғанда) құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
02 маусым 2023 ж. конкурс өтеді.
Конкурс туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап үміткерлер Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 19а, 208 кабинет мекенжайы бойынша комиссия хатшысына 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде файлдық папкаға салынған қағаз тасығыштардағы құжаттарды тапсырады.
Конкурстық құжаттама сайтта орналастырылған https://ksph.edu.kz/.
Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді ресімдеу мәселелері бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (727) 337 80 32, 8 707 555 46 16.